Елбасының қазақстандықтардың алдына қойып отырған қай міндетін алып қарасақ та, нағыз бүгінгі күннің, яғни, әлемнің озық мемлекеттері жүріп өткен ауыр, ауыр болса да нәтижесі орасан іс-қимылдың көкжиегі менмұндалайды. Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында нақты 10 міндетке тоқталған болатын.
Бұл барлық мемлекеттік құрылымдарға зор жауапкершілікті жүктейді. Мемлекет басшысы Қазақстанның болашақта әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көріну мәселесіне тоқталды. Ол үшін әрине, қазақстандықтардың жоғары білімді, құзыретті және бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Жолдаудың 8-міндетінде білім беру тәжірибесінде жаңартылған мазмұнды игеру арқылы жаңа үлгіде оқушыларды тәрбиелейтін мұғалімдердің беделін арттыру қажеттігін атап көрсетті. Жеткен жетістікке тоқмейілсімей, тек қана алға ұмтылу керек. Президенттің алға қойып отырған міндеті негізінен еліміздің дамуына, тұрғын үй-коммуналдық, банк жүйесі, несиелеу және қор нарығын, өндірістегі қауіпсіздікті дамыту арқылы әр саладағы қарапайым адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жалпыұлттық жобасының және «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жеңімпазы ретінде бағдарламалық мақаланың негізгі мақсатының өзі бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін еліміздің уақыт талабына сай жан-жақты технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өсіп-дамуына қол жеткізуге бағытталғанын сеніммен айта аламын. Біздің облысымыз аграрлық аймақ болып саналатындықтан, Елбасының аграрлық секторға да ерекше тоқталып, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын белгілей түскені біз үшін өте маңызды. Әрине, әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастыруға аграрлық саланың экспорттық әлеуеті зор екені белгілі. Бізде астықты аймақтар жетерлік. Оларды өңдейтін өнеркәсіп кешендері де қазіргі заманға сай техникамен қамтамасыз етілген. Осыған орай, ел экономикасының алға басып, дами түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан шаруа қожалықтары да аз емес. Ал, халықты әрқашан толғандыратын мәселе білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау сияқты маңызды салаларға келсек, олар да басты назарда ұсталуда.
Александр КИНЦЕЛЬ,
Степногорск қаласындағы
Абай Құнанбаев атындағы № 6 орта
мектеп-гимназиясының
биология пәнінің мұғалімі.