Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндірісті дамытуға мүмкіндігіміз ұлғайды - АРҚА АЖАРЫ

Өндірісті дамытуға мүмкіндігіміз ұлғайды

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістігін, сондай-ақ, индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болу қажеттігін атап өтті.

Осы орайда, зауытымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған жаңа құралдарды сыннан өткізудеміз. Сондай-ақ, ІТ және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр. Білім саласы да индустрияландыру талаптарына бейімделіп келеді. Студенттер мен колледж оқушылары зауытта тәжірибеден өте бастады. Биыл «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірістік.
Атбасар электровоз жөндеу за-уыты еліміздің темір жол саласындағы ең ірі жөндеу кәсіпорындарының бірі. Оның негізгі міндеті –«ВЛ80» сериялы магистральдық электровоздарға күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қызмет мерзімін ұзартып, электрмен жылжитын құрамды жаңарту, оған қосалқы бөлшектер жасау. Кәсіпорынның менедж-мент жүйесіне сәйкес келетін сертификаты бар. Бұл зауыттың техникалық қуатын, қазіргі заманғы диагностикалық қондырғымен жабдықталуын, кәсіпорынға қойылатын экологиялық талаптарды, еңбектің қорғалу жағдайын растай түседі. Өнеркәсіп қауіпсіздігі ІSO 9001, 14001, 50001 және ОНSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Өндірістің даму келешегін ескере отырып, өнім сапасын жақсарту үшін локомотивтің жаңарту және кузовтарының металл конструкциясы мен тіркемелердің рамасын дайындау цехы, электровоздарды жуып тазарту және бояу цехы пайдалануға берілді. Кәсіпорында жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тіркеме рамасы мен кузовының геометриялық өлшемдерін өлшейтін лазерлік жүйе, ультрадыбыстық, вихретоктық және магниттік дефектоскоптар, диагностикалық кешен, электровоздардың қондырғысы тәрізді диагностика мен бақылауды реттейтін құралдар пайдаланылады. Зауытта қажетті технологиялық үрдістерді атқару үшін химиялық талдаулардың барлық түрімен қамтамасыз ететін аккредиттік сынақ зертханасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, өлшегіш аспаптар мен құралды уақытында тексеруді қамтамасыз ететін аккредиттелген арнаулы зертхана бар. Конструкторлық-технологиялық бюро стандартсыз қондырғы өндірісін енгізіп, оның жобалауынан дайындалуына дейін жұмыс істеуде.
Локомотивтерді жаңарту жобаларын жасауға, көрсетілетін қызмет спектрін ұлғайтуға ұмтылған кәсіпорын Қазақстан Республикасында тұңғыш рет тіркелетін жылжымалы құрамның қос доңғалағын жөндеу кезінде пайдаланылатын бандаждық темір шығаруды игерді. Электровоздар мен тепловоздар үшін моторлық-осьтік подшипниктер мен өзге де қосалқы бөлшектер дайындауды игерді. «Н» класты ток өткізбегішті пайдаланумен электроқозғалтқышқа күрделі жөндеу технологиясы енгізілді. Бөлшектерді дайындау үшін құю өндірісі, металды лазерлік кесу қондырғысы мен металды майыстыратын пресс пайдаланылады.
Бүгінгі таңда зауыт электровоз қондырғысы бөлшектерінің мың жарым аталымын дайындауда және қалпына келтіруде. Жаңа технологияны кәсіпорында игеру және қолдану, қосалқы бөлшектерді, детальдар мен материалдарды дайындау және қалпына келтіру, отандық өндірушілерге басымдық беру, жұмыс орындары мен өндіріс кірісін сақтауға ұмтылу зауыт шығаратын өнімнің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2016 жылы зауытта Соколов-Сарыбай өндірістік бірлестігінің тау-кен өндірісінде пайдаланылатын ОПЭ-1АМ сериялы қозғалтқыш агрегаттарының күрделі жөндеуі игерілді. Бүгінгі таңда үшінші қозғалтқыш агрегат зауыттың өндірістік цехында тұр. Мұнда қондырғылар бөлшектеніп, жөндеу жұмысы жүргізіледі. Көп жылдар бойы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі Ресей мен Украинаның жөндеу кәсіпорындарымен жұмыс істеп келді. Дағдарыс жағдайында локомотив иелері жылжымалы құрамның ескіруінен, оның жетіспеушілігін бастарынан өткеріп, экономикалық жағынан тиімді кәсіпорын ретінде жылжымалы құрамды біздің зауытқа беруді жөн көрді. Сондай-ақ, тапсырыс берушіге жылжытатын агрегаттың кейбір жүйесін жаңарту нұсқаларына ұсыныс жасалды. Бұл оның пайдалану кезінде сенімділігі мен қауіпсіздігін, техникалық қызмет көрсету кезінде ыңғайлылығын, экономикалық сапасын жақсартады.
Жылжымалы агрегаттың конструкторлық-технологиялық құжаттамасы мен жұмыс сызбасының жоқтығынан зауыттағы конструкторлық-технологиялық бюроның және бас технолог бөлімінің мамандары локомотивті жөндеу әдісін жасады. Сондай-ақ, қысқа мерзім ішінде жылжытқыш агрегаттың детальдары мен қосалқы бөлшектерін қалпына келтіруді және
дайындауды игерді.
Атбасар электровоз жөндеу зауыты Қазақстандағы локомотив жөндейтін ең қуатты кәсіпорын. Біз кез келген жылжымалы құрамның, оның қондырғыларының жөндеуін игеруге дайынбыз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ұжымның негізгі міндеті өндірісті кеңейту, кәсіпорынды техникалық дамыту, жұмысшыларды еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, қол жеткізген табыстарды дамытуға ұмтылу болып табылады. Осы күш-жігер Жолдауда атап көрсетілген міндеттерді ойдағыдай орындауға септігін тигізеді деген ойдамыз.

Марат ЖАПАРОВ,
«Қамқор Локомотив» серіктестігінің
филиалы – Атбасар электровоз
жөндеу зауытының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар