Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылу қалыпты беріліп тұр - АРҚА АЖАРЫ

Жылу қалыпты беріліп тұр

Күннің суытуына байланысты мониторингтік топ тұрғындардың өтініші бойынша облыс орталығындағы пәтерлердің жылу температурасын тексерді.

Комиссия құрамында жылу инспекциясы, «Көкшетау Жылу» жедел қызметінің өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары болды. Тексеру тұрғындар өтініші бойынша облыс орталығының әр бөлігін, атап айтқанда, Васильковка шағын ауданы, «Жансая» тұрғын үй кешені, Куйбышев көшесі, 44, Юбилейный, Боровской шағын аудандарын қамтыды. Арнайы құрылғы пәтерлердегі жылу температурасы 17 градустан төмендемегенін көрсетті. Кейбір тұрғындар шо-
йын батареяларды ауыстыру кезінде орнатылу стандартын ескермей, диаметрін кішірейтіп жіберген. Айталық, Васильковка шағын ауданындағы 1 үйдің бірінші қабатында «Қазпошта» офисінде жылу жүйелері ауыстырылғаннан кейін жоғары қабаттардағы жылу температурасы күрт төмендеген. Ал, «Жансая» тұрғын үй кешеніндегі «Ақылды үй» жүйесінің бір артықшылығы, әр пәтер иесі жылу мөлшерін өздері бақылап отырады. Алайда, осы үйдің кей пәтерлерінің есік-терезелері қымталмағандықтан, жылудың көп мөлшері далаға кетіп жатыр. Бірақ, үй иелері әлеуметтік желіде шағым түсіріп, жылу берушілерді кінәлаған.
Дегенмен, тағы бір мәрте ескере кетер жайт – жекелеген пәтерлердегі құбырларды ретке келтіріп, үйдің ішіндегі жылу жүйесін қалыпты жағдайда ұстау пәтер иелері кооперативінің немесе өзін-өзі басқару ұйымдары органдарының тікелей міндеті саналады. Жылу мәселесі тұтас бір тетік іспетті болғандықтан, қазандық пен тұтынушыға дейінгі аралықтағы жүйеге қандайда бір тосын ықпалдар болса, ол міндетті түрде жылу желісінің келесі бір жеріне әсер етпей қоймайды. Жылуды тасымалдау кезінде жоғалатындығын ескертсек, оған үйішілік желілердің жағдайы, ескі үйлердегі жылудың жоқтығы, су толған жертөлелер де әсер етеді. Осы орайда, басты мәселе жылуды беруде емес, қабылдауда болып тұр. Жекелеген пәтерлердегі құбырларды ретке келтіріп, үйдің ішіндегі жылу жүйесін қалыпты жағдайда ұстау пәтер иелері кооперативінің немесе өзін-өзі басқару ұйымдары органдарының тікелей міндеті саналады. Бүгінгі күні қаладағы жылу желілерінің 70 пайызының ескіргеніне қарамастан, РК-2 жылу қазандығы толық қуатында жұмыс істеп тұр. Күннің күрт суытуына байланысты мәселе туындаған жоқ. Облыс орталығындағы үйлерде температура қалыпты. Апатты жағдайлар орын алған жоқ. Аязды күндері арнайы бригада жылу трассаларының 10 учаскесі мен 60 су колонкаларын қалыпқа келтірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар