Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зор жауапкершілік жүктейді - АРҚА АЖАРЫ

Зор жауапкершілік жүктейді

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында жиын өткізді.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы, аса маңызды істер жөніңдегі аға офицер Нұрым Сейтахметов өз сөзінде Елбасы Жолдауының жемқорлыққа қарсы күрес туралы тоғызыншы тармағына кеңінен тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде айтып өтті. Соңғы үш жылда жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық әрекеттері үшін елімізде 2,5 мыңнан астам адам сотталған. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.
Осы орайда, жемқорлық фактілерін болдырмау үшін мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейгені жиында айтылды.
Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстары жалғасады. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері стратегиялық құжатта айтылған міндеттерді талқылай отыра, оны жүзеге асыруға үлкен жауапкершілікпен қарайтындықтарын жеткізді.

Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар