Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электронды жүйеге ауысады - АРҚА АЖАРЫ

Электронды жүйеге ауысады

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде балабақшаларға біртұтас кезек енгізу мәселесіне арналған брифинг болып өтті. Брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов облыстағы балабақшаларға біртұтас кезек енгізу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Кезекке тұрғызу жұмыстарын электрондық жүйеге көшіру бағытында біраз шаруалар жасалған. Балабақшаларға бірыңғай электрондық кезекке тұру биылғы жылдың бірінші жартысында Степногорск жəне Щучинск қалаларында жүзеге асырылмақшы. Сондай-ақ, жоба мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс сапасын жақсартуға да игі ықпал етпек. В.Гамазов жобаның биылғы жылдың бірінші жартысында Степногорск жəне Щучинск қалаларында сəтті жүзеге асырылса, облыс орталығында да қолға алынатынын атап өтті.
Бүгінгі күні облыста 601 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 228-і балабақша, 373-і шағын орталық. Жалпы, 1-6 жасқа дейінгілер арасында 37005 бала немесе барлық бүлдіршіндердің 66,4 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, өңірде жекеменшік балабақшалардың да саны артып келеді. Қазіргі кезде, облыста барлығы 96 жекеменшік балабақша тіркелген. Мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы пайдалануға берілген балабақшалардың есебінен 1896 орын ашылды.
Қазіргі таңда облыста жас аналар «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасын сәтті жүзеге асыруда. «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасы халық пен мемлекет арасындағы байланыстың жаңа түрі. Сол арқылы мемлекеттік органдар халыққа сапалы әрі жедел қызмет түрлерін көрсете алады. «Осындай мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін тұрғындар мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Оны кез келген адам электронды үкімет порталында жеке кабинеті арқылы мобильді телефон нөмірін өзінің ЖСН-не (жеке сәйкестендіру нөмірі) бекітуі керек. Қазіргі кезде облыста мұндай қызмет түрін 47 жас ана қолданып, 143 құттықтау «СМС» хабарлама жолданды. Оның ішінде Гүлжайна Сәбитова есімді нәресте бірінші болып «СМС» хабарлама арқылы туу туралы куәлік алды», – дейді халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы Ж.Сыздықова.
Үкіметтің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарының 103-тармағына сәйкес, Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі №377 бұйрығымен әзірленіп, бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдардың кезегін қалыптастыру және пайдалану процесін автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» барлық облыстарда жүзеге асырылуда.

Асылай Қадырқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар