Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдау – жаңа еңбек шыңына жетелейді - АРҚА АЖАРЫ

Жолдау – жаңа еңбек шыңына жетелейді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында алдымызда тұрған асқаралы міндеттерді саралап берді.

Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Еліміз «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясындағы реформаларды жүргізіп келеді. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар табысты іске асуда. «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.
Президент өз Жолдауында әлемдегі 30 дамыған елдер қатарына қосылу жолында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын, еліміз Үшінші жаңғыру жолына бет алғанын баса айтты. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында10 басым бағытты атап көрсетті. Жолдаудың алғашқы басым бағыты ретінде еліміздің индустрия саласына жаңа технологиялардың енгізілуінің тиімділігі жайлы сөз бастаған Елбасымыз ақпараттық технологиялардың көмегімен энерготиімділік пен өнеркәсіптің экологиялық тазалығын жақсарту қажеттігін түсіндірді. Отандық өнім экспортын арттырып, өнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеріп, елімізде цифрлық технологиялардың көмегімен интеллектуалды транспорт жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Құрылыс саласында жаңа әдістерді меңгеру арқылы, тұрғындар өмірін жақсартудың жолдары қарастырылатынын, сонымен қатар, банктік жүйеге де біршама реформалар енгізіліп, қарапайым халықтың қызығушылығын көздейтін өзгерістердің орын алатынын алға тартты. Медицина саласында жаңа технологияларды енгізіп, халыққа тиімді медициналық көмек көрсетудің жолдарын қарастыру арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру қажеттігін көздеді. 2016- 2017 жылдарда үш рет әлеуметтік төлемдерге өзгерістер енгізіліп, 2018 жылы да бұл үрдісте халықты қуантарлық өзгерістердің жүзеге асырылатынын атап өтті. Жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясатта басым бағыттардың бірі болып қалатынын, сонымен қатар, елімізге шетелдік инвес-торларды тарту мақсатында қалалардың өркендеуінде Smart city технологиясының енгізілетінін баса айтты. Жолдаудың толық нұсқасында осы басым бағыттар толық және нақты түсіндіріліп, ары қарай жергілікті басқару органдарына халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін міндеттеді.
Елбасымыздың халыққа Жолдауында қарастырылған мәселелер – еліміздің даму жолында қызмет ететін нақты қадамдар, оның жүзеге асырылуында халқымыздың бірлігі мен ынтымағы қажет екені анық.

Батжан МӘЖИТОВА,
Қорғалжын аудандық
мәслихатының депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар