Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлескен жобаны дамыту мүмкіндіктері қарастырылды - АРҚА АЖАРЫ

Бірлескен жобаны дамыту мүмкіндіктері қарастырылды

Өткен сейсенбі күні облыс әкімі Мәлік Мырзалин өңірімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Виталий Вовк бастаған бір топ беларусьтік іскер топ өкілдерін қабылдады.

Сапар аясында меймандар алдымен, Көкшетау қаласының солтүстік өнеркәсіп аймағында құрылған ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалар шығаратын Қазақстан-Беларусь индустриялық-технологиялық паркі «Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бірлесіп қолға алынған жобаның жүзеге асырылу барысымен жақын танысып, одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды. Беларусьтіктердің өңірімізге келу мақсаты да осы. Аталған жоба 2012 жылы қолға алына бастады. Бүгінгі таңда кәсіпорында құрастырылып жатқан өнімдер отандастарымыз тарапынан жоғары сұранысқа ие. Қазір тракторлардан бөлек жүк көліктері мен арнайы мақсаттағы машиналардың да бірнеше түрі шығарылуда.
Облыстық әкімдікте өткен кездесуде тараптар өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ, келешекте беларусьтің «МАЗ», «МТЗ», «Бобруйскагромаш», «БелАЗ», «Гомсельмаш» тәрізді ашық акционерлік қоғамдары шығаратын автобустарды Ақмола облысында да қолдану және оларды жеткізу мен сервистік қызмет көрсету мүмкіндіктерін қарастырды. Осы орайда, облыс әкімі Ақмола өңірінің Беларусь
Республикасымен достық қатынасы ертеден бастау алатынын атап өтті.
– Осыдан біраз жыл бұрын Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалар шығаратын Қазақстан-Беларусь индустриялық-технологиялық паркі «Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылуы осының айқын мысалы, – деді Мәлік Мырзалин өз сөзінде.
Сонымен қатар, облыс басшысы өңірде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
– Ақмола облысы аграрлы өңір саналады. Сонымен қатар, өңірде өнеркәсіп саласы да жақсы дамыған. Жалпы, Ақмола облысының Беларусь елімен сауда-экономикалық қатынасты дамытуға мүмкіндігі зор, – деді ол.
Одан әрі облыс әкімі аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, Беларусь сияқты мемлекетпен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екендігін мәлімдеді. Өз кезегінде Виталий Вовк мырза да жылы қарсы алған аймақ басшысына алғысын білдіріп, екіжақты әріптестік қатынасты дамытудың маңыздылығына тоқталды.
– Біздің Қазақстан нарығында жұмыс істегіміз келеді. Беларусь тауарларын сатып қана қоймай, осы жақтан да шикізат тәрізді қажетті өзімізде жоқ өнімдерді сатып алуға ниеттіміз. Ақмола облысы өнеркәсіптік және аграрлы облыс болғандықтан, түрлі салалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік мол. Әсіресе, екі ел арасында сауда-экономикалық, көліктік, мәдени-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылмай жатқан әлеуетті жобалар бар. Оның ішінде Ақмола облысымен бірлесіп, машина жасау саласында тың жобаны жүзеге асыруға ниеттіміз, – деді Виталий Вовк өз сөзінде.
Жалпы, кездесуде айтылғандай өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы мен Беларусь Республикасы арасындағы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге өскен.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар