Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндеттер айқындалды - АРҚА АЖАРЫ

Міндеттер айқындалды

Аудан әкімдерінің тұрғындардың алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда. Дүйсенбі күні Аршалы, Жақсы, Ақкөл мен Біржан сал аудандарының әкімдері жұртшылықпен кездесіп, атқарған жұмыстары жайында баяндап, көпшілік тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға жауап берді деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аршалы. Аудан әкімі Азамат Тайжанов 2017 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, биылғы жылы атқарылар міндеттер жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Бүгінгі күні өңірде 1226 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Құрылыс саласына салынған қаржы көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артып, 4,1 миллиард теңгеге жеткен. Салынған қаржы көлемінің өсуіне орай, пайдалануға берілген құрылыс алаңы да арта түскен. Ауданда өткен жылы жалпы өнім көлемі 17,3 миллиард теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға көбейген. Сүт, ет өнімдері, жұмыртқа көлемі едәуір артып, сиыр саны 2,5 пайызға көбейген. Аудан әкіміне қойылған сауалдардың дені білім, денсаулық сақтау, коммуналдық қызмет саласына қатысты болды. Әсіресе, жұртшылықты көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары қызықтыратыны байқалды.
Жақсы. Аудандық мәдениет үйінде өткен жиында аудан әкімі Қанат Сүйіндіков өткен жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы әңгімелеп берді. 2017 жылы әсіресе,
аудан диқандары үшін табысты жыл болып, қоймаға мол астық құйылып алынды. Аудан басшысы көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың жасалып жатқандығын, қолдағы бар техниканы жөндеу жұмыстары барлық шаруашылықтарда жүргізіліп жатқандығын айтып, басқа салаларда да жетістіктер бар екендігіне тоқталды. Көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жиынға қатысқан мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдері, салалық қызмет басшылары нақты жауап берді.
Ақкөл. Аудан әкімі Т.Едігенов ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, сондай-ақ, туризм салаларын дамытудағы жетістіктерге тоқталды. Ауданда ірі қара мал саны 19,7 мың басқа, құс 310 мың басқа дейін көбейді. Жұмыртқа өндіру 50 пайыздан астам өсті. Шағын және орта бизнес секторында 1577 субъект тіркеліп, осы салада еңбек ететіндер саны 5,6 пайызға ұлғайды немесе 6,7 мың адамды құрады.
Жыл басынан бері жаңадан кәсіпкерліктің бес нысаны ашылды, бұған қоса, тағы 15 нысанның құрылысы жүргізілуде. Кеңес ауылдық округінің Красный Горняк ауылында бір мезгілде жүз адамды қабылдайтын «Family Garden» туристік базасы іске қосылып, 25 орындық қонақ үй ашылды. Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша Еңбек ауылында Жарлыкөл көлінің жағалауын абаттандыру жөніндегі жоба іске асырылды.
Біржан сал. Аудан әкімі А.Қиықов тұрғындар назарын өнеркәсіп саласындағы қол жеткен табыстарға аударды. Аудан кәсіпорындары қазіргі бағамен 14 миллиард теңгеден астам өнім өндірді. Осы сала бо-йынша әсіресе, «Өркен-Атансор», «Семізбай U» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмыс қарқыны жоғары. Жылына 2 миллион тонна цемент өндіретін «Көкше-Цемент» зауытын іске қосу жөніндегі инвестициялық жоба да сәтті аяқталып отыр.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар