Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Агломерация аймағындағы елді мекендер өркендеп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Агломерация аймағындағы елді мекендер өркендеп келеді

Астана агломерациялық аймағына Аршалы ауданынан жеті елді мекен еніп отыр. Осыған орай, ауданда индустриялды аймақ құрып, өндірісті әртараптандыру, әлеуметтік нысандарды салу жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистердің қатысуымен өткен брифингте Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжанов айтып берді.

Өткен жылдың қараша айында Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктері арасында Астана агломерациялық аймағын дамытуға қатысты бірлескен қызмет жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Осы құжатта көрсетілгендей, Астана агломерациялық аймағына Ақмола облысының 123 елді мекені еніп отыр. Оның 49-ы Целиноград ауданының аумағында болса, 7-eуі Аршалы ауданының үлесінде.
Аудан әкімі Азамат Тайжановтың айтуынша, аршалылықтардың әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері ауыз толтырып айтарлықтай. Аудан экономикасына ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс сияқты салалардың қосар үлесі зор.
– Астана агломерациялық аймағына енген Жібек жолы, Жалтыркөл, Волгодоновка, Қостомар, Қойгелді ауылдары мен 42-ші Разъезд және Бабатай стансаларындағы тұрғындардың саны жедел өсіп келеді. Аршалылықтардың әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері ауыз толтырып айтарлықтай. Аудан экономикасына ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс сияқты салалардың қосар үлесі зор, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Брифингте айтылғандай бүгінгі таңда ауданда 33 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде негізінен темірбетон өнімдері, қиыршық тас, құм өндіріледі. «Қазшпал» акционерлік қоғамы мен «Аркада Индастри» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы 3,7 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Осының арқасында өткен жылы ауданда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында оң динамика байқалды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2,9 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынған ивестиция көлемі 17,8 миллиард теңгені құрады.
Астана жақын болған соң аудандағы халық саны да күн санап өсіп келеді. Осы күні ауданда 27 мың тұрғын тіркелген. Оның басым бөлігі Жібек жолы, Волгодоновка, Ижевский, Михайловка ауылдары, Аршалы кенті мен Анар стансасының үлесінде. Астана агломерациялық аймағы шеңберінде 2020 жылдары аудандағы халық саны 50 мыңға, ал, 2030 жылы 70,5 мыңға жетеді деп жоспарланған. Сол себепті, қазіргі таңда баспана мәселесі қалада да, ауылда да өткір болып отыр. Осы орайда, ауданда үй құрылысы саласын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет нысандарын салу және күтіп ұстау жұмыстары да ұдайы назарда. Брифингте аудан әкімі халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Жібек жолы ауылына қосымша мектеп салу қажеттігі туындап отырғанын айтты.
– Қазіргі кезде ауылда барлығы 6,2 мыңнан астам тұрғын тіркелген болса, нақты 16 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Тұрғындар санының көбеюінен мектеп тапшылығы сезіліп отыр. Мəселен, Жібек жолы ауылындағы 2 мектептің мүмкіндігі 920 балаға арналған болса, бүгінгі күні мұнда 1340 оқушы білім алуда. Сол себепті, өткен жылы құны 885
миллион теңгеге бағаланған 300 орындық мектептің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаты əзірленді. Жобаны жүзеге асыру 2018-2019 жылдарға белгіленіп отыр, – деді аудан әкімі.
Брифинг соңында журналистер
аудан әкіміне өңірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына қатысты сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар