Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкен ақын ізімен - АРҚА АЖАРЫ

Көкен ақын ізімен

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Көкен ақын ізімен» атты аймақтық конференция өтті.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова, конференцияға Астана қаласынан арнайы келген белгілі ақын, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бердібай Шалабаев, Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат құттықтау сөз сөйледі.
Ғалым Бердібай Шалабаев оқу құралының мазмұнына жоғары баға беріп, Мұхамед Қоңқаевтың өзінің шәкірті болғанын, оның келешегінен зор үміт күтетінін мақтанышпен жеткізсе, астаналық мейман Дәулеткерей Кәпұлы оқу құралының айтыс өнеріне қадам басқан жастар оқитын іргелі оқулыққа айналуына тілектестік білдіріп, Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінде «Айтыскер ақындар» деген мамандық ашылғанын, сонда оқитын студенттер мен аудан жастарына арнап оқу құралының таралымын көбейтсе деген ұсынысын жеткізді. Айтыста қатар жүрген замандасына арналған қызылжарлық ақын Жарқын Жұпарханның құттықтау тілегі де шараның көркін аша түсті.
Конференцияның күн тәртібінде Көкше өңірінде кейінгі кездері кенжелеп қалған арғысы Орынбай, Біржан сал, Ақан сері, бергісі Көкен Шәкеевтерден қалған айтыс өнерін дамытудың жолдарын қарастыру мәселелері біраз талқыланып, «Көкшенің ақындық дәстүрі», «Айтыс: Кеше және бүгін. Ертең», «Көкшенің көксемсері Көкен ақын» атты тақырыптарда баяндамалар оқылды. Сонымен қатар, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан 2008 жылы ашылған Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебінің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы бейнебаян көрсетілді. Айта кетейік, ақындық жолға енді қадам басып келе жатқан жастар аптасына үш рет осы мектепте дәріс алады. Келешекте мектеп жетекшісі Мұхамед Қонқаев төрт жыл үзбей білім алып, ақындықтың қыр-сырын меңгерген шәкірттеріне арнайы сертификат беруді көздеп отыр. Конференция соңында қатысушылар шағын концерттік бағдарламаны тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар