Көкшетау қаласының іргесіндегі Станционный кентінде орналасқан «Арша-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облысымыздағы іргелі шаруашылықтардың бірі.
Шаруашылықта өздерінің еселі еңбектерімен көзге түсіп жүрген еңбек десе ішер асын жерге қоятын еңбеккерлер аз емес. Солардың ішінде 20 жылдан астам еңбек өтілі бар механизатор Мұхамади Жұқашевтың орны бір бөлек екенін айта кеткен жөн. Техника болған соң сынбай тұрмайтындығы да анық. Дегенмен, озат механизатор өзінің көп жылдық тәжірибесінің арқасында темір тұлпарын үнемі бабында ұстауға тырысады. Тындырымды еңбегінің арқасында шаруашылық еңбеккерлері арасында да беделге ие.
Суретте: «Арша-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы Мұхамади Жұқашев.