Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы Жолдауы – дамудың тірегі - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы Жолдауы – дамудың тірегі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауын асыға күткеніміз рас. Өйткені, әр жолданған Жолдаудан жақсылық лебі есіп тұрады. Еліміздің дамуы – тек қана бір адамның ерен еңбегімен өлшенбейді, сол ерен еңбекке жұрт болып жұмылудың арқасында орындалады.

Ұлт Көшбасшысының саяси қайраткерлігі, көрегендігі, қайтсем елімді еңселі етемін деген арман-мүддесі әрбір тұрғынның жүрек түкпіріне жетуі керек. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы біздің қоғамды нәтижелі жетістікке, жарқын болашаққа жетелейді. Ал, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жоспарланған мақсаттар, өткізіліп жатқан кешенді іс-шаралар, тың жобалар еліміздің даму стратегиясының жан-жақтылығының айғағы деуге болады.
Міне, Мемлекет басшысы жаңа жылдың басында халыққа жолдаған Жолдауында Еліміздің даму жолындағы он бағытты атап көрсетті. Ел болашағы білімді ұрпақтың қолында екендігін үнемі тілге тиек етіп отыратын Мемлекет басшысы білім саласына ерекше мән берді. Рас, мұғалім дейтін қастерлі мамандық иесінің қоғамдағы бүгінгі беделі көңіл қамықтыратыны жасырын емес. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы тұлға. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Сонымен, ұстаз мәртебесі қалай көтерілмекші? Елбасының Жолдау алды мәлімдемесінде ұстаздардың жалақысы 50 пайызға дейін көтерілетіні айтылды. Әрине, сонымен қатар білім мекемелерінің жаңа заманға сай жабдықталуы басты назарға алынатыны да тілге тиек болды.

Қуаныш ҚОЖАБАЙҰЛЫ,
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ әдебиеті
пәнінің оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар