Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өрелі істер кезеңі - АРҚА АЖАРЫ

Өрелі істер кезеңі

Елбасымыздың халыққа арнаған кезекті Жолдауында алдағы мақсаттарымыз айқын көрсетілген. «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық» деген Президентіміздің сөзінің ақиқатын халқымыз мемлекетіміздегі өркенді өзгерістер арқылы көріп, біліп отыр.

Осы жылғы Жолдауында Елбасымыз төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу жолдарын қарастырып, он нақты міндетті айтып өтті. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін құрылысқа, коммуналдық секторға, агроөнеркәсіпке жаңа технология-ларды енгізіп, ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде қолдану керек. Әлбетте, жаңа технологиялардың енгізілуі агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуға, сондай-ақ, жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына да септігін тигізері анық.
Сондай-ақ, Елбасының Жолдауындағы бағыттардың бірі – адами капиталды дамыту. Оның ішінде білім саласына жете көңіл бөлінген. Қазіргі жалпы білім беретін мекемелерімізде жаңартылған мазмұндағы оқулықтар пайдаланылуда, үш тіл меңгерілуде. Бұл еліміздің дамуына жасалып жатқан жаңа мүмкіндіктер деп білеміз. Өткен жылы латын әліпбиіне көшу мәселесі басталғаны баршамызға мәлім.
«Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерді меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», – деді Елбасы өз Жолдауында. Қазіргі ақпараттық технология-лар заманында жас ұрпақ жан-жақты болуы үшін елімізде барлық жағдайлар жасалып жатыр. Әлемдік деңгейдегі университеттер, зияткерлік мектептер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының өмірге келуі – жастарға үлкен қолдау. Сонымен қатар, ұлтымыздың мәдениеті мен идеологиясын одан әрі дамытуда ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көрсетілген бағыттар да оң нәтижесін берері анық.
Мемлекет басшысының әр Жолдауы халқымызды жаңа игі істерге, Отанымызға деген сүйіспеншілікке жетелейді. Біз де осы сенімді ақтауға барынша тырысуымыз қажет.

Тазагүл ТІНӘЛИНА,
Аршалы аудандық мәдениет үйі
директорының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар