Қазақстан ұлттық электр қуаты жүйесі мен «KEGOK» акционерлік қоғамы инвестициялық жобаларын дамытудың өзекті мәселелері тақырыбына республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында ұйымдастырылған шығармашылық байқаудың қорытындысы шығарылды.
Байқау тақырыбына сәйкес өткен жылы БАҚ беттерінде және ғаламторда жарияланған байқау комиссиясының қазылығына 103 мақала ұсынылды. Оның ішінен мазмұны конкурс шартына сәйкес келетін 63 материал іріктеліп алынды. Кәсіби шеберлігі, материалдың өзектілігі, жанрға сәйкестігі, мазмұны ескеріле келіп, «Өңірлік шолу» аталымында «Ақкөл өмірі» аудандық қоғамдық саяси газетінің тілшісі Ерлан Ахметов жеңімпаз деп танылды.
Ақмарал БАЯЗИТОВА,
«KEGOK» акционерлік қоғамы
департаментінің бас маманы.