Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашақ баянды болуы үшін - АРҚА АЖАРЫ

Болашақ баянды болуы үшін

Жақсылық шарапаты мол «Кедергісіз болашақ» атты жоба қолға алынып отыр. Оның негізгі төрт бағыты бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту, олар үшін «Кедергісіз болашақ» бағытын қалыптастыру, тұрғындардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету және инклюзивті білімді дамыту.

Енді инклюзивті білім дегеніміз не? Міне, осы мәселеге тоқтала кетелік. Бұл төрткүл дүниенің тегіс назарын аударып отырған жай екенін бірден айта кетуге тиіспіз. Ондағы ең өзекті мәселе – балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне орай әуелі ортаның, сосын отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуға мүмкіндік беретін әдіс. Осы бір жаһандық мәселеге қазір әлем ғалымдары мынадай анықтама беріп жүр. Инклюзивті білім беру дегеніміз барлық балаларды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу. Сондай-ақ, әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, басқа да жайларына қарамастан, кедергілерді жоя отырып, ата-аналарын белсенділікке шақыру. Тұтастай алғанда жалпы білім беру сапасы сақталған оқу тиімділігін қамтуға бағытталған шара. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін білім ошақтарындағы оқыту үрдісін сипаттауға қолданылады.
№9 «Қарлығаш» балалар бақшасында да инклюзивті білім беру жұмыстары жүргізілуде. Білім беру үшін «Театр киім ілгіштен басталады» демекші, барлық жағдайын туғызу керек. Сондықтан, бала бақшаның кіреберісіне мүмкіндігі шектеулі балалар емін-еркін кіріп-шыға алатын пандус орнатылды. Біздің балалар бақшасында медицина қызметкерлерімен бірге психологтар да жұмыс істейді. Олар арнайы бағдарламалар арқылы балаларды жан-жақты дамыту үшін қалтқысыз қызмет атқаруда. Балалармен жұмыс барысында олардың жас ерекшеліктері, ағзасындағы ақаулар толық ескеріледі. Әрбір баламен жеке жұмыс жүргізіледі. Әрине, табиғи кемістікті жою, сөйтіп барып оның бойындағы барша қабілетті жан-жақты дамыту өте қиын іс. Солай бола тұра, балалардың тәрбиесі мен білім алуына осы заманғы медициналық құрал-жабдықтар мен әдістемелер пайдаланылуда.
Ата-аналармен ақылдаса отырып, жұмыс атқарған өте тиімді. Оларға бала тәрбиесі жөнінде, олардың денсаулығын нығайту орайында ақыл-кеңестер беріледі. Бұл жерде ата-аналар логопедтің, дефектологтың және дене тәрбиесі әдіскерінің, психолог мамандардың ақыл-кеңестерін тыңдай алады.
Барлық балалар бақытты болуы үшін жаралған. Әрқайсысының оқуға, білім алуға, еңбек етуге толық хақысы бар. Ал, соған мүмкіндік туғызу біздің парызымыз.
Зәмзәгүл САЛЫҚОВА.
№9 «Қарлығаш»
бала бақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар