Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігерлердің мейірімі де шипа болды - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігерлердің мейірімі де шипа болды

Жуырда сырқаттанып, Көкшетау қалалық ауруханасының пульмонология бөлімшесінде емделіп шықтым. Рас, қазір бұрынғы заманның кең кезіндегідей, ауруханада көп жату жоқ. Дәрігерлер он күнге жетер-жетпес уақытта жедел емдеп, үйге шығарады екен.

Бірақ, осы аз уақытта да мұндағы халыққа медициналық қызмет көрсетудің жай-жапсарын, дәрігерлер мен медбикелердің өз міндеттеріне қалай қарайтындығын байқап, білуге болады.
Бұл орайда, аурухананың бас дәрігері Серік Кәкенов өзі басқарып отырған ұжымды темірдей тәртіп пен тиянақты жұмысқа жұмылдыра білген екен. Аурухана іші әрдайым таза, әркім өз ісін жақсы біледі. Мәселен, біз емделген пульмонология бөлімшесінде қызметкерлер бір-бірін жарты сөзден түсініп, науқастарға қолдан келген барлық қамқорлықтарын жасауда.
Осы ретте, алдымен қарамағындағыларды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдықпен еңбек етуге жұмылдыра түскен бөлімше меңгерушісі Бағлан Өмбітайқызы Сейітмұғамбетоваға, емдеуші дәрігер Алина Васильевна Беляева, аға медбике Нәзира Серғазиноваға шексіз алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, күні-түні әр ауысыммен жұмыс істеп, науқастардың басы-қасында болатын медбикелер Салтанат Құстанқызы, Лена Близнюк, Сәния Елубаева, Райгүл Құсайынова, Юлия Шальнева, Рәбиға Әубәкірқызы, Ақерке Жаркенова, Салтанат Нұржановаға да менімен бір мезгілде осы бөлімшеде жатқан емделушілер атынан айтар ризашылығымыз мол. Шаруашылық жағына жауап беретін медбике Ботагөз Сүлейменқызы Жалмағамбетова мен санитаркалар Айнагүл, Гүлнәр, Ботагөз, Күләш, Гауһар сияқты қыздарымызға да алғыс білдіргенді жөн көреміз. Өйткені, кейде ауыр науқастарға да күтім жасайтын олардың еңбегі әрқашан адал. Ас тарататын Меруерт, Құралай есімді қыздарға да жылы қабақтары үшін рахмет.
Бір сөзбен айтқанда, пульмонология бөлімшесінде емделген аз күнде осында еңбек ететін ұйымшыл ұжым жөнінде көңілге түйгеніміз осы. Бөлімшенің қолдары шипалы дәрігерлері мен өзге де қызметкерлері әрқашан науқастарға осылай қызмет етіп, абырой биігінен көріне берсін деген тілектемін.
Хайриза ҒАЗИЗОВА,
еңбек ардагері.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар