Көкшетаудың іргелі оқу орны

Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі заман талабына сай жан-жақты білімді маман дайындаумен қатар, интеллектуалдық біліктілігі жоғары, рухани дамыған жас ұрпақты қалыптастыруға жете көңіл бөледі. Осы орайда, колледжде оқушылардың өздері таңдаған мамандықтарын ғана игеріп қоймай, көшбасшылық, отансүйгіштік қасиетті бойларына дарытуына, әдепті және мәдениетті адам болып қалыптасуына да жағдай жасалады.

Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі Көкшетау қаласындағы жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп келе жатқан үздік оқу орнының бірі. Өйткені, мұнда біліктілігі жоғары тәжірибелі ұстаздар дәріс береді және оқытудың озық тәсілдері қолданылады. Жастарға өнегелі тәлім-тәрбие беріп, кәсіби білімдерін шыңдауға сүбелі үлестерін қосып жүрген ұстаздар қатарында Гүлжанат Нұрмағанбетқызы, Сағира Абзалқызы, Нұргүл Серікқызы сияқты оқытушыларымды айта кеткім келеді. Сырттай оқу бөлімінде оқығандықтан, жас ерекшеліктеріміз әртүрлі. Соған қарамастан, әрқайсысымыздың тілімізді тауып, мінез-құлық ерекшеліктерімізді дөп басып сабақты қызықты да тартымды өткізетін оқытушыларымыздың біз үшін сіңіріп жатқан еңбектеріне зор алғысымды айтамын.
Осындай өз істерін жақсы білетін білікті маман-оқытушылар дәріс беретін оқу орнының түрлі шараларда әрдайым биіктен көрінуі заңды да. Уақыт талабына бейімделіп, жаңа заманның жаңа тұрпатты жас мамандарын даярлап жүрген колледжде білім алатынымды мақтаныш етемін және оқу орнының алар асулары әлі алда деп сенемін.

Түкей ЕЛКА,
Жанайдар Мусин атындағы
Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық
колледжінің сырттай оқу бөлімінің
ІІ курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар