Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенім және міндет - АРҚА АЖАРЫ

Сенім және міндет

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Бұланды аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясына қатысып, депутаттардың толық келісімін алғаннан кейін ауданға жаңа әкім тағайындады. Актив жиналысын өткізіп, жаңа әкім Жомарт Нұркеновты таныстырды.

– Қазіргі күні көктемгі егіс науқанын дер кезінде әрі сапалы өткізу негізгі мәселе болып табылады. Егіншілікті әртараптандыру талаптарына байланысты мал азығындық алқаптар көлемін 2017 жылғы 8,8 мың гектардан 12,1 мың гектарға жеткізу қажет,–деді өңір басшысы. Ауданда мал шаруашылығы тиісті деңгейде дамымай отыр. Өткен жылы жылқы 2,7 пайызға, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы ірі қара саны 12,2 пайызға кеміген. Бұл ет өндірудің 4,3 мың тоннаға, сүттің 21 мың тоннаға, жұмыртқаның 5,2 миллион данаға азаюына алып келді.
Жағдайды дұрыстау үшін мыналарды қамтамасыз ету керек:
– сұрыптау-асылдандыру жұмыстарын жақсарту арқылы малдың барлық түлігінің өсуі;
– ауданның тауар өндірушілері «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» несиелік бағдарламаларына қатысуы тиіс.
Ауданда сүт өндіруге мамандандырылған кәсіпорынның болмауы себепті, аудан әкіміне «Никольское» ЖШС базасында сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту жобасын іске асыру жөнінде шара қолдануға тапсырма беремін. Сондай-ақ, қолда бар қуаттар негізінде ауыл шаруашылығы
тауарлар өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыру қажет. Бүгінгі күні аудандағы ұн өндіру кәсіпорындарының жүктемесі 16,3 пайызды ғана құрайды.
Өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы өнім өндіруде артта қалып келеді. Бұл аудандағы инвестициялық саясаттың әлсіздігін білдіреді.
Мемлекет басшысының Жолдауында өнеркәсіп секторын цифрландыруға қатысты басымдықтар нақты көрсетілді. Сондықтан,
аудан әкімі өнеркәсіп кешенінде жаңа технологияларды енгізуді айрықша назарда ұстауы тиіс.
Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыруда:
– Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде іске қосылған «Бұланды Астық» және «TransTechMash LTD» серіктестіктерінің толық жүктемесін қамтамасыз етуді;
– «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-ын өз уақытында пайдалануға беруді тапсырамын, – дейді облыс әкімі өз сөзінде.
Бұдан кейін М.Мырзалин шағын және орта бизнесті, құрылыс, коммуналдық қызмет, әлеуметтік сала, бюджеттік жоспарлардың орындалуы, криминогендік жағдайды жақсарту жайындағы міндеттерді ортаға салды.
Облыс әкімі қорытынды сөзінде әлеуметтік-экономикалық даму және
аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін Бұланды ауданында тиісті мүмкіншіліктердің және өсу резервтерінің бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа тағайындалған әкімге аудан активімен бірлесіп жоғары табыстарға жетуге тілектестігін білдірді.

Бақберген Амалбеков.
Бұланды ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар