Басым бағыттар айқындалды

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына қатысып, өңірдің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға белгіленген міндеттер туралы есеп берді.

Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс әкімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында алға қойылған басты міндеттеріне тоқталды. Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері жаман болған жоқ. Мәселен, өткен жылы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы инвестиция көлемі 6,1 пайызға, тұрғын үйді қолданысқа беру көрсеткіші 17 пайызға өскен. Орташа айлық еңбекақы көрсеткіші 6 пайызға артып отыр.
Қоғамдық кеңес алдындағы есебінде облыс басшысы жол-көлік, кәсіпкерлік, денсаулық, білім мен мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық салаларында өткен жылы атқарылған шаруалар мен алдағы уақытта істелетін жұмыстар жайында айтты.
– Өткен жылды облысымыз экономикада да, әлеуметтік салада да жақсы нәтижелермен аяқтады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, тұрғын үйді пайдалануға беру және басқа да салалар бойынша жағымды динамика қамтамасыз етілді, – деп атап өтті өңір басшысы өз сөзінде.
Жиын соңында кеңес мүшелері облыс орталығынан салыну жоспарланып отырған онкологиялық емхананың құрылысы, сырттан келген дәрігерлерді пәтермен қамтамасыз ету, индустриялық аймақ құру және туризмді дамыту мәселелеріне қатысты өз ойларын білдірді. Облыс әкімі атап өткендей,
Елбасы жүктеген міндеттер мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік басым бағыттары айқындалды. Осы орайда, Қоғамдық кеңес мүшелері облыстағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Аслан ОСПАНОВ,
өз тілшіміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар