Жомарт Жұмағалиұлы НҰРКЕНОВ 1974 жылы туған, білімі жоғары. Ақмола аграрлық университетін мал дәрігері мамандығы және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» өндірістік кооперативінің мал дәрігері болып бастады. 1998 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Целиноград аудандық аумақтық басқармасының басшысы болды.
2002 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының ветеринарлық қадағалау бөлімінің басшысы қызметіне ауысты. 2006-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып қызмет етті.
2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдың мау-сымына дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, 2013 жылдың маусымынан Атбасар ауданының әкімі, 2014 жылдың маусымынан Аршалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.
2016-2017 жылдар аралығында Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінде болды.