Акуттармен берілгені ыңғайлы

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген көкейтесті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу туралы: «…қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.

Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», – деген болатын.
Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білеміз. Осындай қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін латын әліпбиін қолдауымыз керек. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан, әр қазақстандық азаматтың қазіргі міндеті Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосу.
Латын әліпбиінің соңғы үлгісі диакритикалық белгі – акуттармен берілгені эстетикалық жағынан өте ыңғайлы болды. Сөздер апострофтармен жазылған кезде бөлініп қалатын.
Ш мен Ч дыбыстары да бұған дейін апос-троф арқылы берілсе, жаңа үлгіде ағылшын грамматикасына негізделіп жасалған.
Жалпы тілімізге жат дыбыстар қысқартылып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи тазалығы сақталғандай болды.
Көкшетау қалалық
тілдерді оқыту орталығының
оқытушылары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар