70-тен астам ақмолалық оқушы «Туған жерім» облыстық байқауына қатысты

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Туған жерім» облыстық сырттай эссе байқауы өтті. Оған облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарының 74 оқушысы қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік және мәдени құндылықтарын арттыру.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы.

Облыстық сырттай байқауға екі номинация бойынша Көкшетау, Степногорск, Қосшы, Ақкөл қалаларының, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Ерйментау, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарының балалары қатысты .

Облыстық сырттай эссе байқауының қортындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

«Туған өлке игілігі» номинациясы бойынша:
1-орын Шулер Анастасия;
1-орын Абдыраева Томирис;
2-орын Хумаржа Аяулым;
2-орын Буланбаева Ақниет;
2-орын Вилкас Полина;
3-орын Алексева Наталия;
3-орын Доматайқызы Аяулым;
3-орын Билимжанов Сания;
3-орын Ахметова Сабина.

«Шағын отан неден басталады» номинациясы бойынша:
1-орын Салимова Гүлім;
2-орын Халел Нұрай;
2-орын Ониценко Ольга;
2-орын Хабай Мансұр;
3-орын Қабдрашит Нұрай;
3-орын Бахытов Нұрдаулет;
3-орын Қосай Мерей;
3-орын Уткова Валерия.

Белсенді қатысқаны үшін Терехина Ксения, Болотова Виолетта, Соколов Иван, Баетова Жансая, Даутова Динара, Петюль Сергей, Ахметқадыр Малика, Елемес Нұрбина грамоталармен марапатталды.

Сырттай облыстық байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Жеңімпаз балалар орталықтың дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтарға орталықтың алғыс хаттары табыс етілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар