Қарабай батыр

Қазақстан тарихында Атбасар қаласы, Атбасар өңірінің алатын орны ерекше. Жартылайкөшпелі елдің бұл аймақты ежелден қоныстанғаны тарихтан белгілі. ХҮІІ ғасырдаАтбасар аймағын Абылай ханның да ауылдары қыстаған. Троицк бекінісінің коменданты П.Роденге 1761ж.3-ші шілдеде тілмаш Ф.Гордеевтің хабарламасында былай дейді: «…Абылай сұлтан кочует при речке Атбасар и урочище Колутон при горе Зиланды тан (яғни Жыланды тау) то есть при Змеиной горе»…АВПР.Ф.1-22.1761 год. Д 4 п.п. 148-156 об.

Ежелден қоныстанған жергілікті ру басыларының тізімі Қылды-Ноғай болысының 1834 жылы ведомосында сақталған.

Аул Рода Тынибек. Старшина Итқара Кошенбаев. 54 кибитки, 162 мужчин, 189 женщин, 401 лошадей, 519 рогатого скота и 590 баранов.

Аул Рода Төлеке. Старшина Қарабай Тукеев. 68 кибиток, 204 мужчин, 238 женщин, 1189 лошадей, 774 роготого скота и 1717 баранов.

Аул части Тилеу. Старшина Асат Атимбеков 60 кибиток. 180 мужчин, 210 женщин, 993 лошадей 779 рогатого скота и 1360 баранов.

Аул рода Садыбек. Старшина Кошким Толеков. 44 кибиток, 32 мужчин, 54 женщин, 70 лошадей, 46 рогатого скота и 990 баранов.

Все ауылы имеют зимние кочевья по реке Ишим в 170 верстах к юго-западу от Кокчетавского приказа.

Атбасар-Кенесары бастаған ұлт-азаттық

қозғалыс кезеңінде

Кенесары Қасымұлының көтерілісінің шығу себептері тарихтан белгілі, оған тоқталып жатпаймыз.

Қозған руының барлық бөлімшелері 1837-1872 жылдарда Кенесарының көтерілісіне өте белсене араласады. 1837 жылғы мұрағат құжаттарына сәйкес Кенесарының шақыруымен Қозған руының барлық ауылдары бүлікшілерге қосылып, оларды  екі би Асат Атымбекұлы және Қарабай Түкейұлы бастайды. Мұрағатта Қарабйдың және оның ұлы Жансарының Ресей отрядтарына шабуыл жасауға қатысқаны туралы мәліметтер сақталған.

Д.Аяшинов.

г. Павлодар, 2013.

Қозған руы Кенесары қозғалысына белсене қатысып, 1844 жылға дейін еріп келген. Асат би қайтыс болған соң руды үш старшина басқарған. Сүтемген Атымбеков,  Қарабай  Түкейұлы және Сәрке Ерназарұлы басқарады. Ал Сарықозған руын Сарықұл би Байқасқаұлы басқарған.

Кенесары бастаған қазақ әскерінің 1837 жылы Ақмола бекінісін өртеп жібергені мұрағаттардан білгілі болып отыр. Осы шайқаста Қарабай батыр мен оның ұлы Жансары ерекше көзге түседі. Мұрағаттарды сөйлетсек «в момент его вторжения в Киргизию под его славным стягом находились славные батыры – Ағыбай, Шәкір, Жауке, Төлебай, Бұғыбай, Көбек, Бөрші, Базар, Танаш, Жанайдар, Жарқын, Нұрабай, Қарабай, Қарабас и др. (Война с киргизами. Ж.Қасымбаев, Алматы, 2002).

Қарабай ауылы

1847 жылға қарай Қозған руының барлық бөлімшелері Ақмола округіндегі өз жерлеріне оралады. Олардың бір бөлігі Төртұл болысының құрамында  көрсетілген. Мұрағат мәліметтеріне жүгінсек: Қозған руы,
Абыл бөлімшесі, ауыл старшинасы  Татығұл Нарбайұлы. (77 киіз үй, 119 еркек және 125 әйел, 778 жылқы, 167 қара мал, 1952 қой. Соның ішінде  Қарабай Түкейұлында 135 жылқы, 209 қой және Сәрке Ерназарұлында 98 жылқы, 440 қой).

Атбасарлық өлкетанушы Клара Әмірқызы өз зерттеуінде Қарабай батырдың ауылын, зираттарының орнын көрсетіп кеткен, Клара Әмірқызының 1990 жылғы Ақмола қаласынан шыққан «Ауылым атамекенім» атты кітабының 42 бетінде былай дейді:«Қарашекпенділердің бір тобы Есіл өзенінің ең шұрайлы деген жерін жайлап отырған Қарабай ауылдарының зираты тұрған жерді таңдайды. Ата-бабаның қасиетті орны – аруақтардың мүрдесі жерленген жерден өздеріне үй тұрғыза бастайды. Қарабай ұрпақтарының қарсылығын елең қылмайды. Ашу-ызаға  булыққан  азаматтар түнде  салт атпен келіп, салып жатқан үйлерінің қабырғаларын құлатып кете беріпті. Кейін селоны салушылардың үлкендері ұрпақтарына естелік өсиет ретінде айтып отырады екен. Селоның атын «Қасиетті Сергейдің» құрметіне Сергеевка деп атап кеткен.Бертін келе Қарабай  бабаның зираты селоның ортасында қалған.

Қарабай батырдың ұрпағы

Кенесары Қасымұлы бастаған Ұлт-азаттық қозғалысының белді де белсенді мүшесі Түкейұлы Қарабайдың ұрпақтарынан халық қамын ойлаған көздері ашық, көкіректері ояу, ал сұраған азаматтар көптеп шыққан. Атбасар оязы, Қарабай ауылының баласы Ыбырай         Шоқыбайұлы 1880 жылы Қазан университетін тәмамдап келіп, Атбасар қаласының орыс-қазақ балалары үшін «Атбасарская русско-казахское училище» ашады. Ол үшін елденжылу қаражат жинаған Омбы мұғалімдер семинариясында Сәкен Сейфуллинмен бірге оқыған  Байұлы Тұрғанбек осы училищенің түлегі. Кеңес өкіметін  орнату жолында көп еңбек сіңірген Оразбек Мұхамедов, Хасен Қошанбаев, Зейнолла Төреғожин, Халел Нұрмұхамедов осы училищені бітірген. (Қазір Ленин көшесіндегі қалалық гастроном ғимараты тұр).

Абыл тегі Қарабай Түкейұлының тұқымынан шыққан прогрессивті көзқарастағы азаматтың бірі және бірегейі – Қазақ ССР-і Жеңіл Өнеркісіп Халық Комиссары – алашордашы –Хасен Қошанбеев. 1937 жылы Сәкен Сейфуллинмен бірге «Халық жауы» болып, атылып кетті.

1919 жылы қараша айында Атбасар ақтар мен колчакшылардан азат етілген соң, Оразбек Мұхамедов Ревком председателі М.Веденеевке өзінің кеңес өкуіметіне қызмет етуге бел буғанын айтады. О.Мұхамедов «Қарабай ұрпағы) – Атбасар уезінің халық ағарту ісін басқарған алғашқы қазақтың бірі. Оның соңғы қызметі – Қазақ Орталық Атқару Комитетінің хатшылығы (ҚазЦИК). Бірақ, ол 1937 жылғы Сталиндік репрессиядан құтыла алмады. Інісі Дүйсенбек Мұхамедов екеуі 17 жылға сотталып, бір күнде «Халық жауы» атанып, «Итжеккенге» айдалып кете барды. Дүйсенбек екеуіжазаларын өтеп, елге аман-есен оралып, дербес зейнеткерлікті Д.А.Қонаевтің өзі тағайындаған.

 

Дүйсенбек пен Анна

Осы кісілердің ұрпақтары Алматыда тұратын Серік Дүйсенбекұлы Мұхамедов әкесі Дүйсенбек туралы 1977 жылдары болған мына қызық оқиғаны айтты:

Дүйсенбек Мұхамедұлы Алматыда отбасымен тұрып жатқан. Теледидар көріп отырып, Дүйсенбек аға:–мен мына әйелді танимын ғой,– деп орнынан ұшып тұрады.

Теледидарда Жезқазған қаласындағы бір мектепте Анна Васильевна деген ұстазды марапаттап жатқан.

–Біз, атам Мұхамед бәріміз Атбасарда тұрғанда Василий Ушаков деген орыс көпесімен достық қарым-қатынаста болып, отбасымен жақсы араластық,–деп бастады Дүйсенбек ата.

–В.Ушаковтың Аня деген кішкене қызымен дос болып, көбелек қуып ойнап, бауыр басып кеттік.

Кейін орыс көпесі В:ушаков та репрессия құрбанына айналып, хабарсыз кетеді. Ал мынау теледидардағы әйел – Анна Васильевна Ушакова, сол баяғы Аннушканың өзі, таныдым,–деп, Дүйсенбек Жезқазғанға хат жазады.

Бір-екі аптадан соң. – мен сіз іздеген адам емеспін, біреуге ұқсатқан шығарсыз, деген жауап хат келгенде. –жоқ қателесуім мүмкін емес, деп Дүйсенбек қапаланып қалады.

Екі-үш ай өткен соң үйлеріне самайын ақ шалған орыс әйел келеді.

–Дүйсен здесь живет?

–Да. Әке сізді бір кісі сұрап тұр,–дейді Серік.

Дәлізге шыққан әкеміз орыс әйелімен құшақтасып, жылап көрісіп жатты.

Анна Васильевна Ушакова да Оразбек пен Дүйсенбек сияқты сотталған бай кулақтың қызы атанып, көп қиындық көріп, Қырғызстаннан бірақ шығады. Қазір Жезқазғанда екен. Қылышынан қан тамған коммунистік саясаттан жапа шеккен адамдардың ізін, тегін жасырып жүруі, хатқа өтірік жауап беруі түсінікті болса керек.

Иә, зар заман саясатының құрбаны болған орыс пен қазақтың достығының куәсі іспеттес екі азамат араға жарты ғасыр салып, осылай кездескен еді.

Қарабай ұрпақтарының шежіресі

Атбасар уезі, Атбасар болысы 1870 жылы

Қозған-Көксал-Қарауыцл болысынан құралған.

1.1877 жылы Қойсары Қарабайұлы болыс басқарушының орынбасары (Қойсары, Қарабай, Түкей, Абыл).

2.1880 жылы 2 желтоқсан Қойсары Қарабайұлы – болыс басшысы. Мұса, Еркінбек. Толқынбайдан-Қали-Омарбек. Мұсадан-Сәдуақас, бұл ұрпақтар Қарсаңбай жерінде мыс заводын салуға мұрындық болған.

3.1886 жылы 5 желтоқсан. Жарқын Боқыұлы. Ауыл биі, (Жарқын-Боқы-Қарабай- Түкей-Абыл).

4.1892ж. 7 қарашадан-1905 жылғы ақпанға дейін Жақып Шоқыбайұлы ауыл биі қызметін атқарған. «Жақып-Шоқыбай-Қарабай-Түкей-Абыл).

5.1905 жылы Жарқынбай Тентекұлы №2 ауыл биі. (Жарқынбай-тентек-Қарабай. Түкей-Абыл).

6.1913 жылы 4 қараша. Алексеевский болысы Мұхамед Боқыұлы –ауыл биі. (Мұхамед-Боқы-Қарабай-Түкей-Абыл).

1928 жылы Кеңес органдары алғашқылардың қатарында Би Жақып Қарабайұлының балаларын, сондай-ақ оның немересі інісі Мұхамед Боқыұлын репрессиядап (№1 тізім) әртүрлі облысқа жер аударады.

1937 жылы Атбасар жерінің бетке ұстар әйгілі өкілдерінің бірі, халық құқығын белсенді қорғаушы, алашордашы-қарабайдың ұрпағы Хасен Қошанбайұлы атылып кетті.

Оразалы ШЫҢҒЫС,
этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты.

(Арнайы «Арқа ажары» үшін).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар