«Ой аламан» тартысты өтті

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Ой аламан» интеллектуалдық ойыны болып өтті. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – жастардың ұлт тарихы мен әдебиетіне, мәдениетіне деген танымдық қызығушылығын ояту, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Сайыста облыстың жастар ұйымдары мен еріктілер бірлестіктерінен құралған 13 команда бақ сынады. Интеллектуалдық ойын 3 кезеңнен тұрды: іріктеу кезеңі, ал, жартылай финал және ақтық мәре. Ойын шарты бойынша іріктеуден өткен 8 команда жартылай финалға жолдама алды, жартылай финалда басым түскен 5 команда жүлделі орындар үшін ақтық мәреде сайысқа түсті.

Додаға түскен командалардың өнері ұпай санымен бағаланды. Ең жоғары ұпай жинаған «Депутаттық КТА» командасы І орын иеленіп, 70 мың теңгелік сертификатпен марапатталды, ІІ орынды иеленген «Зияткер» командасына 50 мың, ІІІ орынға қол жеткізген «Шабыт» командасына 30 мың теңгелік тауарлық сертификат табыс етілді. Сондай-ақ, ойынға белсенді қатысқан «Дионис» және «2048» командалары 15 мың теңгелік тауарлық сертификатқа ие болды.

Айта кетейік, «Ой аламан» интеллектуалдық ойыны – Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің авторлық жобасы. Себебі, ойын құрылымы мен тапсырмалары толықтай кеңсе мамандарымен әзірленген. Сонымен қатар, тапсырмалардың дені Ақмола өңірінің тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары мен Жаңа Қазақстан идеяларына арналған.

          Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар