Егіндікөл аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өлке тану көрмесі өтті. Көрмеге КСРО Журналис-тер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ақпарат саласының үздігі Владислав Холиннің көркем және деректі фотосуреттері қойылды.
Сан сырлы суреттер жайлы мәдениет үйінің әдіскері Қайрат Нұрдаулетов әңгімелеп берді. Көрмені ауыл жастары да тамашалады. Фотосуреттер Ақмола облысын қамтиды. Соның ішінде Егіндікөл ауданына арналған 15 фотосурет бар.
Ескірмес естелік суреттер өзіндік ерекшелігімен, әдемілігімен көрмеге келушілердің көңілінен шықты. Көрмені тамашалау бірінші наурызға дейін жалғаспақ.
Алтыншаш КУБЖЕТЕРОВА.
Егіндікөл ауданы.