Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту оң шешімін табуда - АРҚА АЖАРЫ

Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту оң шешімін табуда

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Халықтың жұмыспен қамтылуын және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» жөніндегі өңірлік партия кураторының комиссия отырысы болып өтті.

Онда Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру (жетінші бағыты «Адами капитал – жаңғыру негізі») және 2017 жылға арналған өнімді жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының нәтижелері сөз болды.
Комиссия отырысын Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік осал топтарды қолдау» бағыты бойынша партия кураторы Елена Мащинская жүргізді. Шара алдымен өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушы Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжінің білім алушыларымен кездесуден басталды. Одан әрі Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина өткен жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі анықтамасында мынандай деректер айтылды.
– Бағдарлама 27 227 адамды қамтиды, соның ішінде 17 136-сы жұмыссыз азаматтар болса, 8 901-і өзін-өзі жұмыспен қамтыған, ал, 1190-ы білім алушылар. Өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру үшін 4 935,1 миллион теңге бөлінді, ал, 4 933,9 миллион теңге немесе 99,9 пайызы игерілді.
Бірінші бағыт: «Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету». Бұл бағытта тренингке 6339 адам қамтылды немесе 101,2 пайызбен жоспар орындалды:
– соның ішінде өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1190 жастар техникалық және кәсіптік білім алумен қамтылды; – қысқа мерзімді тренинг 5118 адамды қамтыды немесе 101,5 пайызға жоспар артық орындалды. Қысқа мерзімді курстар «Aтамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының тізіліміне енгізілген жұмыс берушілердің оқу орталықтары, мобильді оқу орталықтары арқылы оқытудың қосарлы элементі бар білім беру ұйымдарында өткізіледі.
Азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін 25 колледж бен 7 оқу орталығы анықталып, онда жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар оқытылады (Ақмола тренинг және курс комбинаты, «Арбакеш» ЖШС, «Ақкөл оқу орталығы» ЖШС, «Жігер» ғылыми-білім беру орталығы, «Диас» ЖШС, «Асыл Арман» ЖШС). Бүгінде 57 мамандық және 117 біліктілік бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие болып отыр.
Оқыту негізінен еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша (ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, туризм және қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану) жүргізіледі. Қысқа мерзімді курстардағы білім алушылардың ең көп үлесіне келсек, әсіресе, техникалық мамандықтар бойынша (электрик, токарь, дәнекерлеуші, слесарь және т.б.) – 1048 адам, яғни 20,4 пайыз, тамақтандыруды ұйымдастыру – 766 адам (14,9 пайыз), ауыл шаруашылығы (мал дәрігері, фермер, көкөніс өсірушісі және т.б.) – 988 адам (19,3 пайыз) және басқалары.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қысқа мерзімді тренинг 5,118 адамды немесе жылдық жоспардың 101,5 пайызын қамтыды. Оның ішінде 3112 адам жұмысқа орналастырылды немесе білім алушылардың жалпы санының 60,8 пайызы. Зеренді ауданы Шағалалы селосындағы Агробизнес колледжі және Көкшетау қаласындағы Жоғары колледжге құны 100 миллион теңге болатын 2 мобильді оқу орталықтарын сатып алу көзделді. Екінші бағыт «Кәсіпкерліктің көлемін дамыту». Екінші бағыт бойынша 464 адам «Даму» АҚ операторлары арқылы 2,6 миллиард теңгеге шағын несие алды, оның ішінде 190 адам жұмыс ауқымын кеңейтіп, 274-і жаңа бизнес ашуды жоспарлап отыр. Шағын несиелердің мол үлесі мал шаруашылығын дамытуға берілді, бұл 86,7 пайызды құрайды. Өткен жылы «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлікке оқыту бойынша 938 адам қамтылды.
Үшінші бағыт бойынша «Еңбекпен қамтуды және еңбек мобильділігін арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту» көзделген. Барлық көрсеткіштер орындалды яғни, 3630 адам жоспарланған болса, 4230 адам жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесіне 731 адам бағытталып, берілген жоспар 129,6 пайызға, әлеуметтік жұмыс орындарында 704 адамға асыра орындалды, ал, қоғамдық жұмыстарға 2,795 адам жіберілді. Сондай-ақ, қоныстанушылар мен оралмандарға арналған тұрғын үйді жалдау бойынша жалгерлік шығындарды өтеуге 15,8 миллион теңге субсидия жұмсалды. 80 отбасын көшіруге берілген субсидия 295 адамды қамтып, 23 457 мың теңге жыл бойы пайдаланылды. 14 нысанның күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 185 адам және орталықтан 98 адам жұмыспен қамтылды. Айталық, 16399 адамның 15893-інің міндетті зейнетақы жарналары болса, 16399 адам еңбекпен қамтылған, оның 15547-сі тұрақты жұмысқа орналасқан немесе бұл 95 пайыз деген сөз.
2018 жылға 5 миллиард теңге қарастырылып, 8 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Бірінші бағыт бойынша 2 665 адам. Алдымен техникалық және кәсіптік білім бойынша оқытуға –1190, қысқа мерзімді оқытуға – 1475 адам. Екінші бағыт бойынша – 2447, «Бастау-бизнес» жобасы арқылы – 1927, микрокредиттеуге – 320 адам қамтылуда. Үшінші бағыт бойынша – 3175 адам жоспарлануда. Комиссия отырысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов сөз сөйледі. Оның айтуынша 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2016 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беруді тегін берудің жаңа тетігі енгізілген.
Өткен жылы облыстағы 18 колледждің күндізгі бөліміне жоспарға сәйкес 1190 адам қабылданып, яғни, 26 мамандық және 39-ы жұмысшы мамандығы бойынша білім алған. Оқытушыларға арналған оқу бағдарламасына 9-11 сынып оқушылары, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген азаматтар, тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері және азаматтардың басқа санаттары қатыстырылды. Осы бағытта жұмыс жалғасатын болады және 2018 жылы қабылдау жоспары 1190 адамды құрайды. Бұдан басқа, өткен жылғы қысқа мерзімді тренинг қорытындысы бойынша 57 жұмыс мамандықтары мен 117 біліктілікке сәйкес 5118 адам
(5 040 адамға жоспарланған) қамтылды. Тренинг облыстың 25 колледжінде және 7 оқу орталығында өткізілді.
Биылғы жылғы 12 қаңтарда жұмыспен қамтудың облыстық комиссиясының отырысы өтіп, онда білім беру ұйымдарының тізімі бекітілді. Нәтижесінде, қысқа мерзімді кәсіптік білім беру бағытында 1475 адамды қамту қажет.
–Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту Көкшетау Жоғары колледжі мен Шағалалы Агробизнес колледжі сатып алынған мобильді оқу орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсатта жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бойынша облыстың талап етілетін мамандықтарына сәйкес шалғай елді мекендерге оқу кестесі бекітіледі, – деді В.Гамазов.
Комиссия отырысында көптеген өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Комиссия мүшелері оқу кабинеттерін аралады. Көкшетау қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінде «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша бір топ жастар білім алуда. Бұл топта 18 адам 3 айлық қысқа мерзімдік курс оқып жатыр, олар дәнекерлеуші мамандығын алып шығады.
Отырысты қорытындылаған модератор Е.Мащинская:
–Жаңа әлеуметтік саясат, соның ішінде тиімді әлеуметтік мемлекет, тұрғындардың осал топтарын қолдау, еңбекпен қамту, жаңа тұрғын үй саясаты, денсаулық пен білім беруді үздік әлеуметтік стандарттарға жеткізудің Елбасы айқындап берген нақты жоспарлары бойынша өз жұмысымызды ары қарай да жүзеге асыратын боламыз, – деп мәлімдеді.

Асылай Айжарықова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар