Целиноград ауданында «AMANAT» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы  өтті

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы «Құқықтық көмек» жобасы аясында Целиноград ауданының Қажымұқан және Ақмол ауылдарында көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Іс-шараға заңгерлер, адвокаттар, облыстық басқарма өкілдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және аудан әкімінің орынбасары Асқар Нұртазин қатысып, ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қажымұқан ауылының тұрғындары ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу, су, газ және электр желілерін тарту мәселелерін көтерді. Ең бастысы — жаңа мектеп салу қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, интернет байланысының әлсіздігі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы да тұрғындарды алаңдатуда.

Ақмол ауылының тұрғындары 250 орындық аудандық аурухана салу, мәдениет үйінің қажеттілігі, 12 км жол салу, балалар ойын алаңдарының жетіспеушілігі және «Астана-Қорғалжын» бағытындағы тас жолды жөндеу мәселелерін көтерді.

Кейбір өтініштерге қабылдау барысында түсініктемелер берілді, ал қалған мәселелер алдағы жұмыстар үшін жазып алынды. Партия өкілдері барлық көтерілген мәселелерді бақылауға алып, тиісті органдармен бірлесіп шешу жолдарын қарастыратын болады.

«AMANAT» партиясы  Ақмола облыстық филиалы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар