Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Индустрияландыру игілікке бастады - АРҚА АЖАРЫ

Индустрияландыру игілікке бастады

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деп атап көрсетілді. Бұл алға қойылған міндеттердің бірінші тарауын қамтып тұр. Яғни, индустрияландыру экономиканы дамытудың басты бағыты ретінде еселенген мазмұн ала бермек.
Ақмола облысында Индустрияландыру картасына 782,5 миллиард теңгенің 90 жобасы енгізілген. Мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысында 12300 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Өткен жылы белгіленген тапсырмаларды орындау мақсатында белгілі жұмыстар атқарылды.
Өткен жылы кәсіпкерлікті қолдау бо-йынша 95,4 миллиард теңгенің 7 жобасы жүзеге асырылып, 1119 жұмыс орны ашылды. Бұл істе «SAMHAT» ЖШС, «Инвест-РТ» ЖШС, «ПО «Көкше-Цемент ӨБ» ЖШС, «BIOTRON GROUP» ЖШС белсенділік танытқанын айтып өткім келеді. Сондай-ақ, «Қазақалтын Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақсу, Бестөбе және Жолымбет кеніштерінде үш алтын айыру фабрикалары пайдалануға берілді.
2018 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша 254,2 миллиард теңгенің 79 жобасы іске қосылып, 7900 жұмыс орны құрылғаны да жоғары көрсеткіш саналады. Қолданысқа енгізілген кәсіпорындардың жоспарлы қуатына енгізілуі желілік кестелер мен өндірістік жоспарларға сәйкес қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда 4400 жұмыс орны құрылатын 11 жоба бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бұл мақсатқа 528,2 миллиард теңге қаржы құю қарастырылған. Бұлардың ішінде «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «АПК «Bavaria Product» ЖШС қолға алған құрылыстар аса ірі жобалар саналады.
Мемлекеттік бағдарламаның қайтарымы да көңілден шығады деп айтуға тиіспіз. Мәселен, 2010 жылдан бері бағдарлама аясында іске қосылған кәсіпорындар 812,3 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұның ішінде 2017 жылғы үлес 273,5 миллиард теңгені құрайды.
Бұған қоса, 2017 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 50,1 пайызы Индустрияландыру картасына енгізілген кәсіпорындарға тиесілі екендігін айтқым келеді. Мұндағы өнімнің 57,6 пайызын өңдеу кәсіпорындары шығарған.
Өткен жылы Индустрияландыру картасына қатысушы кәсіпорындардан мемлекеттік бюджетке 40,7 миллиард теңге қаржы аударылды. Бұл жалпы салық түсімінің 30,4 пайызын құрайды.
Алдағы кезде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ете отырып, қайта өңдеу секторын дамытудың тиімді жолдары белгіленіп, нысаналы жұмыс жалғастырылады.
Сонымен қатар, индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

Ербол ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар