Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Судья - АРҚА АЖАРЫ

Судья

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» деп ұлы Абай айтқандай, өмірден орныңды тауып, дүниенің кетігіне кірпіш болып қалану екінің бірінің қолынан келе қоймайтын күрделі де жауапты іс. Өмірінің ширек ғасырға жуық уақытын сот саласына арнап, адамдардың тағдырын таразыға салу сияқты аса жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқан Дана Аусаққызы Мұқашева өмірден орнын тапқан жан.

Ақкөл ауданының Барап ауылында дүниеге келіп, балалық шағының балдай тәтті күндерін сол ауылда өткізген ол ойына алған мақсатына оп-оңай қол жеткізе салмады. Өмір түрлі қиындықтары мен кедергілерін алға тартып, балаң жүрегіне орныққан арман-мақсаттарынан аулақтатқандай болса да, келешектен күдер үзбеген жас қыз ойына алғанына қол жеткізетініне іштей сенген еді. Сол сенімін өзі туып-өскен ауылдағы орта мектепте іс жүргізуші болып, кейінірек Қарағанды қаласында пошта бөлімінде пошта тасушы сияқты жұмыстарды атқарып жүргенде де жоғалтпаған. Сөйтіп жүріп Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану бөліміне оқуға түсті.
1987 жылы жоғары білім алып шыққан жас маман Целиноград облыстық адвокаттар алқасында тәлімдемеден өтті. Содан кейін біраз жыл Атбасар қаласында адвокат болып қызмет істеді. Дегенмен, ол бала кезінен кеудесіне ұялаған судья болсам деген арманынан күдер үзген жоқ. Бұл арманына ол тек 1994 жылдың ақпанында ғана қол жеткізуге мүмкіндік алып еді. Сол жылы ол Атбасар қалалық сотының әкімшілік және атқарушы өндірісі жөніндегі судьясы болып тағайындалды. Өтпелі кезең аталған сол бір ауыр жылдарда сот жүктемесі де көп және ауыр болатын. Бұған бірақ ұзақ жылдар адвокат болып қызмет ету тәжірибесі көп көмегін тигізді. 1995 жылы ол Атбасар халық сотының, келесі жылы аудандық сотының судьясы болды.
1999 жылы жабылып қалған Көкшетау облысы біраз аудандарымен астаналық облыстың орталығы ретінде қайта құрылып жатқан тұста Дана Мұқышева облыстық соттың судьясы болып сайланды. Міне, осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін ол облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы болып еңбек етіп келеді.
Нәзік жанды қыз-келіншектердің арасында судья болып жүргендер аз емес, десе де, олардың көбі азаматтық және әкімшілік істер саласында еңбек етеді. Қылмыстық алқада судьялық қызмет атқаратындар сирек. Қылмыстық істерде судья болудың күрделілігі өз алдына, жүйкеге салмақ салатын ауыртпалықтары да аз болмайды. Естір құлаққа ерсі жайлар, төбе шашыңды тік тұрғызар жан түршігерлік қылмыстар туралы соны жасаған адамдардың өз ауыздарымен айтқандарын ұңғыл-шұңғылына дейін тыңдау, содан қорытынды жасап, заң шеңберінде жаза кесу нәзік жанды әйел үшін оңай шаруа емес. Дегенмен, Дана Аусаққызы өзі таңдап алған мамандығынан ешқашан безінген емес.
Заң жыл сайын өзгеріп, толығып отырады. Заман талабынан қалмай, ұдайы уақыт талабымен үндесіп отыру үшін білімің мен біліктілігіңді жетілдіруге жете көңіл бөлу қажет. Дана Мұқашева да өз білімін жетілдіруге, біліктілігін әрдайым көтеріп отыруға қатты мән береді. Ол қабылдаған шешімдердің жоғары санаттар тарапынан өзгеріске ұшырамай, жұмыс көрсеткішінің әрдайым жоғарыдан көрінуіне бұның тигізіп отырған әсері аз еместігі анық.
Ұзақ жылғы сот саласындағы еңбегі еленіп «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» сияқты мерекелік медальдармен, «Үш би» төсбелгісімен марапатталды. Облыстық сот төрағасынан, Жоғарғы сот басшылығынан алып жатқан алғыс хаттары мен мақтау қағаздары қаншама. Бұның бәрі көңілі қалап, өзі таңдап алған іспен айналысу арқылы қол жеткен жетістіктер десе, артық айтқандық емес. Иә, өмірден өз орныңды адаспай тапқанға не жетсін!
Қалкөз ЖҮСІП.

 

 

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар