Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндіктерге жол ашады - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндіктерге жол ашады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік жаңғыру жолындағы бес бастамасы – шын мәнінде елдің еңсесін көтеретін бастамалар. Бес саланың әрқайсысына тоқтамай, өзімнің көптен көңілімде жүрген, алға қойған мақсатымның бірі жайында айта кетейін.

Қазір өз еңбегіңе сенетін заман. Мен Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосының тұрғынымын. Ежелден ата кәсібіміз саналатын мал бағуға көптен аңсарым ауып жүргендігін несіне жасыра-йын. Бұл арада да алғашқы демеу беретін, кәсіп көзін ашатын мол қаржының керек екендігі белгілі. Бұрын банктердің үстемеақысы шамадан тыс көп болғандықтан, батылым бармай жүрген болатынмын. Ал, мен сияқтылар некен-саяқ емес қой. Жұрттың көпшілігі ойға алған ісін жүзеге асыруға қаржы таппай қиналады емес пе.
Енді өзімнің алдағы жоспарым туралы айта кетейін. Мәселен, мен 6 миллион теңге несие алғым келеді. Осы қаржыға 10 сауын сиыр мен 5 торпақ сатып алсам ба деймін. Сауын сиыр алмақшы болып отырғандығым, сауылған сүттің әр литріне 40 теңге шамасында субсидия төленеді. Ол да біз үшін демеу. Өзімше есептеп, етті бағыттағы малдан сауын сиырды тиімді көріп отырмын. Меніңше, мал басын өз төлі есебінен біртіндеп көбейтуге әбден болады. Біздің солтүстік өңірде қара мал алты-жеті ай бойы қолға қарайды. Сондықтан, мал азығын мол етіп дайындау үшін шабындық жерің, техникаң сай болуы керек. Әзірге жемшөпті сатып алсам ба деймін. Оған қажетті қаржыны күнделікті сауылатын сүттен жинасам ба деймін. Сөйтіп, біртіндеп қатарға қосылып кетеміз бе деп отырмыз.
Елбасы бастамасында шағын
несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда екі есе артып, 14 мыңға жететін болады деп көрсетілген. Шынында, бұл ақиқат дүние. Оның үстіне 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөлінбекші. Сөйтіп, жалпы сома 62 миллиард теңгеге жетеді. Мұның өзі мен тәрізді қарекет еткісі келген мыңдаған адамдарға көмек.
Облыс орталығының іргесінде болғандықтан, мал өнімдерін өткізу барысында қиындық тумауға тиісті. Егер қала іргесіндегі елді мекендерде мал көп бағылса, базардағы бәсекелестік те өрбіп, ет-сүттің бағасы бүгінгі деңгейден әлдеқайда арзандауы да мүмкін ғой. Ауыл шаруашылығындағы істің бәрі бір-бірімен сабақтасып жатыр. Мәселен, біз таза мал бағумен айналыссақ, мал азығын дайындайтындар да қарап отырмайды. Табыс табады. Сөйтіп, ел еңсесін тіктейтін жанашырлық бастаманың шарапаты бірге емес, мыңға тиеді.

Шолпан МҰХАМЕДЖАНОВА.
Краснояр селосы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар