Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмірде өз орнын тапқан - АРҚА АЖАРЫ

Өмірде өз орнын тапқан

Жаның сүйген іспен айналысу да бір ғанибет. Бала кезімізде мектеп қабырғасында жүргенімізде мұғалімдеріміз «қай мамандықты таңдайсың?» деген мазмұндағы шығарма жаздырушы еді. Сөйтсек, ұстаздарымыз біздің болашақта өмірден өз орнымызды тауып, көңілімізге ұнаған мамандық бойынша қызмет етуімізді қалаған екен ғой. Өйткені, өзің ұнатқан жұмыстан ешқашан жерінбейсің де шаршамайсың.

Бүгінде алпыстың асқарына шыққан Аршалы аудандық сотының төрағасы Бақытжан Нұрмағамбетов те өмірден орнын тапқан, көңіліне ұнаған мамандық бойынша еңбек етіп жүрген азаматтың бірі. Рас, ол өзі қалаған мамандығына бірден келе салған жоқ. Мектеп бітірген соң біраз жыл әр салада жұмыс істеп, оқуға ақыл тоқтатып, оң-солын таныған ересектеу шағында түсті. Сөйтіп, 1985 жылы ҚазМУ-ді құқықтану саласы бойынша бітіріп шығып, еңбек жолын Чкалов ауданында учаскелік инспекторлықтан бастады. Кейінірек Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші болып біраз уақыт еңбек етті. Өз мамандығына сай жұмыс десе де, оған құқық қорғау органында істеу оншалықты ұнамды болды деп айтуға болмас. Содан ол 1995 жылы Зеренді аудандық сотының атқару өндірісі жөніндегі судьясы болып ауысты. Судьялық қызмет алғашқы кезден-ақ көңіліне ұнап, өмірден орнын тапқандай болған еді. Міне, сол кезден басталған сот саласындағы еңбек жолы Есіл, Атбасар аудандық соттарының төрағасы қызметімен жалғасып, адамның тағдырын таразылайтын судья ғана емес, сот жұмысын ұйымдастыратын білікті басшы да бола алатынын дәлелдеп келеді.
2017 жылдың 20 ақпанындағы Мемлекет басшысының Жарлығымен Б.Нұрмағамбетов Аршалы аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды. Сот саласындағы еңбегі ескеріліп, «Үш би» төсбелгісімен,
«ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен және «Мінсіз қызметі үшін» 3-ші дәрежелі медальмен марапатталды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіруге де ол ұдайы көңіл бөледі. Жастарға ақылшы тәлімгер ұстаз, жас мамандарға қамқорлық жасауға әрдайым бейім тұратын оны жастар да құрмет тұтады.

Мейрам ҒИБАДІЛОВ,
Ақмола облыстық соты ардагерлері
кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар