Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орталық Азия елдері қарым-қатынастарының жаңа кезеңі басталды - АРҚА АЖАРЫ

Орталық Азия елдері қарым-қатынастарының жаңа кезеңі басталды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуіне қатысып, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке, сондай-ақ, Түрікменстан Меджлисінің төрайымы Акджа Нұрбердыеваға қошемет білдірді.

Мемлекет басшысы ішкі өңірлік мәселелерді шешу үшін тұрақты консультативтік жұмыс кездесулерін өткізу бастамасы Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевке тиесілі екенін атап өтті. – Туындайтын барлық мәселелерді біз бірлесіп шеше аламыз. Біздің кездесуіміз бәрімізге ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар. Қазақстан көршілерімен, әсіресе, тарихы, мәдениеті, дүниетанымы, дүниені сезінуі ортақ Орталық Азия елдерімен тығыз экономикалық ынтымақтастық орнатуға әрдайым ұмтылыс танытты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Шуақты Наурыз мерекесіне орай Орталық Азия мемлекеттері басшылары бірлескен мәлімдеме жасады.
Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсіміне қатысып,Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсімі ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне тоқталып, бұл іс-шара Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы консультативтік жұмыс кездесуіне тұспа-тұс келгенін атап өтті. Елбасы екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін Шавкат Мирзиёевке
І дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз еңбегінің жоғары бағаланып, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жылын өткізу туралы бастама көтеріп, шешім қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа зор ризашылық білдірді. Өзбекстан басшысы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы қатынастарды дамытудың маңызы зор екенін айтты.
– Осыған байланысты біздің елімізде қазақ халқының ұлы перзенті, ойшыл және гуманист ақын Абай Құнанбаевтың мұрасын насихаттап, терең зерттеу жөнінде Өзбекстан Президентінің қаулысы қабылданғанын хабарлаймын, – деді Шавкат Мирзиёев.
Іс-шара барысында Өзбекстан Республикасының белгілі шығармашылық өкілдері өнер көрсетіп, көрші елдің зергерлік және қолөнер бұйымдарының көрмесін таныс-тыру рәсімі өткізілді.
Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне Кырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар