Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тындырымды жұмысқа ұластырайық - АРҚА АЖАРЫ

Тындырымды жұмысқа ұластырайық

2018 жылғы 5 наурыз күні ҚР Парламенті палатасының бірлескен отырысында Елбасы халыққа «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты мәлімдемесін жариялады. Біздің Ата Заңымыздың бірінші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады делінген. Елбасымыздың бұл мәлімдемесі сол қағиданың тамаша дәлелі.

Баянды болашаққа тың серпін беретін бұл игі бастамалар мемлекеттік бағдарламалардың жарқын жалғасы деп қабылдаймыз. Жарияланған «Бес әлеуметтік бастаманың» әрқайсысы біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы. Әрбір отбасының баспаналы болуына бар мүмкіндікті жасауға мән берілген бірінші бастамасында, ендігі кезекте үй ал алу үшін несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 пайыз емес, «Жеті-Жиырма-Жиырма бес» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздық мөлшерден аспайтын болады. Мұндай маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керектігін Елбасы түсінікті болатындай етіп бағамдады.
Ал, еңбекақысы төмен қазақстандықтарға едәуір қолдау көрсету жағы екінші басымдықта айтылды. Бұл да жағымды жаңалық. 2019 жылдан бастап азаматтардың еңбек жалақысының салық жүктемесі 10 есе азайтылуын, ай сайын 1 пайыздық мөлшерде салық төлеуді ұсынды.
Білім алуға қолжетімділікті арттыру бағытында ел үшін жақсы жаңалық үшінші басымдықта жария етілді. 2018-2019 оқу жылында студенттерге арналған гранттардың өзі адам капиталы саласына елеулі серпін беретініне сенімдіміз. Екі жыл аралығында қазіргі жыл сайын бөлінетін 54 мың гранттың үстіне 20 мың грант қосылғалы отыр. Оның 11 мыңы жаңа экономикаға қажетті техникалық мамандар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырды. Осылайша жатақхана тапшылығы мәселесі біржола шешілмек. Түптеп келгенде бұл маңызды шешім бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жол ашады.
Төртінші басымдықта шағын несие беруді көбейтудің тетіктері де жан-жақты қарастырылды. Мемлекет басшысы шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді жүктеді. Нәтижесінде несие алып, өз ісін бастайтын азаматтардың саны былтырғыдан 2 есе артып, 14 мыңға жетіп, ауылдағы кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейеді.
Өңірлерге газ тарту мәселесі бесінші басымдықта барынша қамтылды. Бұл орайда, Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыру керектігін тапсырды. Бұл 2 миллион 700 мың адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, Арқаның экологиялық жағдайына зор ықпал ететін болады.
Мемлекет басшысының жүктеген жаңа міндеттерін жауапкершілікпен сезініп, тындырымды жұмысқа ұластырайық.

Бақытжан Айдосова,
«Нұр Отан» партиясының
Зеренді аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар