Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аппақ қар – ақ ниеттің ақ нұры - АРҚА АЖАРЫ

Аппақ қар – ақ ниеттің ақ нұры

Ұлы Далаға Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз келді! Көне тарихтың не бір шаңдақты зобалаңы мен алаң да, алаң кезеңдерін бір басынан өткізген халқымыздың жүзі жарқын, көңілі көтеріңкі, еңсесі биік қазір. Соны көріп, соған қуанамыз, соған шүкіршілік қыламыз! Бұл ең әуелі ел Тәуелсіздігінің арқасы! Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз туған халқының әлем алдындағы жүзін жарқын етіп, бізді де, елін де әлемдік абыройдың биігіне көтергені деп санаймыз.

Бүгінгі Наурыз күні де айтар тілегіміз сол, еліміздің берекесі артып, халқымыздың ырысы ортаймай, ынтымағы арта берсін! Бұл күндері барлық қазақстандықтардың алдында Елбасы алға қойып отырған зор міндеттер тұр. Соларды орындау еліміздің бүгіні мен болашағын айқындары бар. Біз осы бір күндері шынында да жаңару мен жаңғыруды басымыздан өткеріп жатырмыз. Мұның айқын нышанын Наурыз мейрамы қарсаңында да, бүгін де шын байқаймыз.Халқымыздың Наурыз мейрамына деген ықыласы мен сүйіспеншілігі арта түскен. Ұлыстың ұлы күні деген ұғым санамызға берік сіңісе бастағаны байқалады. Осыдан отыз жыл бұрын елімізде кеңінен тойлана бастаған Наурыз мейрамы Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлыстардың төл мерекесіне айналды.
2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен Наурыз ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мəдени мұралары тізіміне енген ұлық мереке – Халықаралық күн болып танылды. Шығыс халқының ортақ мұрасы болып саналатын Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада болып өткен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары өздерінің бірлескен мəлімдемесінде мың жылдық тарихы бар Наурыз мейрамын сақтап, дамыту қажеттігін айтып, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнықты дамуы бас-
ты да өзекті мәселе деп белгіленді. Ылайым солай болсын!
Күні кеше жауған ақ қармен көмкерілген ежелгі Қараөткел мен Кербез Көкше де Наурыз мейрамын өзінің бар сән-салтанатымен қарсы алды. Кеше Көкшетаудың Абылай хан алаңынан бастау алған Наурыз мейрамында облыс әкімі Мәлік Мырзалин барлық ақмолалықтар мен көкшетаулықтарды құттықтады. Мерекелік көңіл мен ниет, мерекелік ән әуен мен күй төгілген облыс орталығының бас алаңына жиналған халық көп болды.
Өткен 2017 жыл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табысты жыл болды. Бүгінгі заманның жаңа бастамаларына сай экономиканы бүгінгі жаһандану заманына сай дамытудың біраз қадамдары да жасалып жатыр. Ақмола облысы бойынша дамудың жаңа талаптарына негізделген реформалар сәтті іске асырылып келеді. Соның нәтижесінде, облыстың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінде жақсы өсім болды. Осы салаларға инвестиция тартуда да көш бастап келеміз. Құрылыс жанданып, қарқын алды. Ақмола облысы 2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемін 115,9 пайызға дейін ұлғайтып, рес-
публика облыстарының арасында екінші орынға ие болды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай көптеген игілікті істер атқарылды. Сонымен бірге, Бурабай курортты аймағын дамытудағы тың бастамалар мен соны қадамдар жасалып, ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келген Еңбекшілдер ауданының атауы Біржан сал ауданы етіп өзгертілді. Сол жаңғыруларды негізге ала отырып және де Елбасының қазақ тілінің болашағын тереңінен зерделеп, латын əліпбиіне көшуімізді заңдық тұрғыдан айқындап бергендігін ескере отырып жыл басы Нау-
рыз мейрамынан бастап, жүз жылдық тарихы бар «Арқа ажары» газетінің атауын латын əліпбиімен жарыққа шығарып отырмыз.
Ұлыстың ұлы күні еліміздің іші де, сырты да тыныш болсын деп тағы да тілек тілейміз. Осы орайда, Елбасының «Менің бар тілегім де, зар тілегім де елдің бірлігі» деген
аталы сөзінің тарихи мәні мен маңыздылығын қазіргі әлемде және айналадағы болып жатқан текетірестер мен қарулы қақтығыстар ұғындыра түскендей.Елдің бірлігі мен халқымыздың ынтымағын сақтау Тәуелсіздік
алдындағы және өз ұрпақтарымыздың алдындағы тарихи міндетіміз бен абзал борышымыз!
Наурыз мейрамы құтты болсын!

Жабал Ерғалиев,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар