Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Цифрлық технология мен автоматтандыру – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Цифрлық технология мен автоматтандыру – заман талабы

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында «Индустриалдық даму» бағыты бойынша өңірлік куратордың партиялық комиссиясының кезекті отырысы болып өтті.

Отырысты облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Кистин ашып жүргізіп отырды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бөлімінің басшысы Алмас Сағдиевтің айтуынша, Ақмола облысының кәсіпорындарында цифрлық технология мен автоматтандыру және өндірістік үрдістерді оңтайландыру белсенді енгізілуде. Бүгінгі таңда цифрлық технологияны металлургия саласындағы өңірдің машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі, сусындар өндірісі, құрылыс индустриясы тәрізді жиырмадан астам ірі кәсіпорындары игеруде. Оның ішінде «Тыныс» акционерлік қоғамы да бар.
«ПО «Көкше-Цемент» серіктестігі автоматтық іріктеу және өңдеу учаскелерінен зертханаға материалдарды пневматикалық жылжыту үшін QCX/AutoSampling модулін, интеллектуалдық өңдеу және жұртқа мәлімет беру үшін жедел зерттеу жасайтын QCX OnLine Analysis жүйесін енгізуді, робот техникасы және өзге де алдыңғы қатарлы технология негізінде QCX RoboLab зертханаларды автоматтандыру тұжырымдамасын жоспарлауда. Бұл – кәсіпорындарда еңбек өнімділігі мен қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. «Қазақалтын» концернінде визуаландыру және 3D ортасында әртүрлі геологиялық барлау мәліметін интерпретациялау үшін Micromine және Surpac бағдарламасы қамтамасыз етілді. Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір арқылы 2017 жылы іске қосылған қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жаңа фабриканы есепке алғанда концернде барлығы 10 цифрлық технология және 4.0 индустрияның элементтерін енгізу жоспарланған. Бұл «Жерасты кеншілер ұстанымы жүйесін құру», Mine Vision тау-геологиялық мәліметтерді басқару және LIMS металдар балансының бірыңғай кешенді жүйелері тәрізді өзге де жобалар. «Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамына тау көлігі кешенін бақылайтын және басқаратын «Wenco» атты канадалық жүйе енгізілді.
«Wenco»-ға карьердің жедел ақпараты жөнінде есептік жүйеден бастап, техниканы өте дәл басқару жұмысының, карьерлік техникалардың техникалық жағдайы жөніндегі ақпараттың және автоматтық диспетчерлік қызметтің алдыңғы жүйесінің кең жиынтығы кіреді. Алтын кен карьерінде қазіргі уақыт режиміндегі карьер жағдайының мониторингі үшін GEOMOS жүйесі пайдаланылады. Қазіргі заман режимінде мониторинг пен қондырғыны басқару үшін алтын алу фаб-рикасында DeltaV и PI system технологиялық қондырғының тоқтағанын есептеу жүйесі орнатылған. Бүгінгі таңда ұйымдарда маңызды мәлімет алу үшін бизнес-зерттеу құралын жинақтайтын, ақпарат өңдеуді және мәліметті тез зерттеуді қысқартатын Power Business және Metallurgical Intelligence
(BI/MI) жобалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, металдар есептеуді автоматтандыру және AMIRA P754 INVENTEO кодексіне сәйкестікке қол жеткізу үшін бағдарламалық пакет пайдаланбақшы. «Казатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамындағы цифрландыру аясында «Семізбай U» серіктестігінде адамның қатысуын азайту арқылы еңбек қауіпсіздігін арттыратын және өндіріс барысын онлайн режимінде бақылайтын «Цифрлық кеніш» жүйесі енгізіледі.
Бүгінгі таңда SolidWorks, AutoCad, Compas 3D компьютерлік бағдарламасының соңғы нұсқасын сандық бағдарламалық басқарудағы станоктарда пайдалану машина жасау саласындағы «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» серіктестігі, «Қамқор-Локомотив» электровоз жөндеу зауытының Атбасар филиалы тәрізді кәсіпорындарда дәстүрлі тәжірибеге айналды. «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамындағы «KHS» желісіндегі TURAN және KULAGER ARASAN табиғи минералды суды өндірістік құюдың барлық үрдісі автоматтандырылған және қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға толық жауап береді. Құю үрдісін 3 оператор қадағалайды.
– Елбасының биылғы Жолдауында жақын арада ауыл шаруашылығы саласын дамытудың негізгі жолдары белгіленген,– деп атап көрсеткен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев облыста ауыл шаруашылығы техникасы мен қондырғыларын жаңарту бойынша белгілі жұмыс жүргізілгеніне тоқталды.
– Өткен жылы облыс бойынша 288 трактор, 263 астық жинайтын комбайн және 88 егіс кешені сатып алынды. Биыл 87 ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды. Өңірде ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары қолға алынуда. Цифрландыру кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді. Кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік басқармасы тарапынан қолдау қажеттігін атап өтті. Мәселен, гранттар таратуға қатысу үшін семинарлар ұйымдастырылуы тиіс.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар