Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың мүддесі толық ескерілген - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың мүддесі толық ескерілген

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов Ақмола облысы мен Көкшетау қаласына жұмыс сапарын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясындағы алқалы жиыннан бастады. Кездесуге ұлттық-мәдени орталықтар мен бірлестіктердің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямовтың қысқаша хабарламасынан кейін сөз халық қалаулысына берілді.
– Біз осыдан бірнеше жыл бұрын, «Егемен Қазақстан» газетінде басшылық қызметте жүргенімізде «Триллион деп сөйлейтін күнге жеттік» деген тақырыппен мақала жариялағанбыз, – деді С.Абдрахманов. Бұл алақай қуаныш еліміздің бюджеті триллион теңгеге жеткенін байқататын. Енді міне, мемлекет бір ғана бағдарламаға триллион теңге қаражат жұмсайтын жағдайға жетіп отыр. Бұл – Елбасы Н.Назарбаевтың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бас-
тамасы» атты Үндеуі. Маңызды құжат халық арасында кеңінен талқыланып, қызу қолдау тапты. Ел іші Қазақстан Конституциясының бірінші бабындағы мемлекеттік міндеттемелердің орындалуындағы жаңа қадамдарға ризашылық білдіруде. Өйткені, аталған бес бағдарлама нақты орындалатын механизмдерге құрылған.
Осы орайда, қоғам қайраткері Елбасының мына сөздерін алға тартты: «Мемлекеттің жаңа қадамдары бүкіл қазақстандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер етеді. Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана жүзеге асады». Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның жергілікті буындарына «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа, нақты мазмұнмен байытуда үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі. Бұл орайда, Мәжілістегі депутаттық топ заңнамаларға өзгерістер мен түзетулер енгізу, Ассамблея кеңесінің құқықтық әлеуетін арттыру жөнінде жұмыстар атқарғанын да атап көрсетті.
Бұдан кейін Парламент Мәжілісі депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қабылдауында болып, Көкшетау қалалық ауруханасы ұжымымен кездесті.
Филология ғылымдарының докторы, профессор С.Абдрахманов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамы және студент-жастары арасында да «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша кездесу өткізді.
Аталмыш шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Әбжаппаров, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Р.Галлямов, Қазақстан халқы Ассамблеясының және депутаттар құрамының бірнеше өкілдері қатысты. Онда Елбасының Жолдауы мен
жуырда жарияланған әлеуметтік бастамалары бойынша мәселелер қарастылырып, жан-жақты талқыланды.
– Мемлекет басшысы Қазақстан Рес-публикасы Парламентінің Мәжілісінде жаңа әлеуметтік тың бастамалар көтеріп, Қазақстан халқына үндеу жариялағаны белгілі, – деді Мәжіліс депутаты. Президент осынау ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы бар істі жүзеге асыру қажеттігін, еліміздің одан әрі дамып, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы үшін осындай түбегейлі өзгерістердің керектігін ашып айтты. Президент: «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деген идея жаңа мағынамен толыға түсуге тиіс. «Бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі – есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба», – деген болатын. Енді нақты іске кірісетін сәт туды.
Шара барысында оқытушылар мен студенттер тарапынан өздерін толғандырып жүрген мәселелер мен әлеуметтік бағдарламаға қатысты сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар алынды.
Облысымызға жұмыс бабымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттық тобының жетекшісі С.Абдрахманов Зеренді және Бурабай аудандарында болып, әлеуметтік және өндірістік сала ұжымдары мүшелерімен кездесті.

Бақберген Амалбеков.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар