Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әскери-патриоттық тәрбие айлығы жарияланады - АРҚА АЖАРЫ

Әскери-патриоттық тәрбие айлығы жарияланады

Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Көкшетау қалалық білім бөлімі мен қалалық «Отан» қоғамдық бірлестігі және қалалық ардагерлер кеңесі бірлесіп «Қарулы Күштердің ерлік дәстүрін насихаттау жөнінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында дәстүрлі айлық жариялау туралы» бірлескен қаулы қабылдады.

Биылғы айлық Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 21 жыл толуына және «Отан» қоғамдық бірлестігінің 21 жылдығына арналып отыр. Жылдағы дәстүрлі айлық үстіміздегі жылдың 9 сәуірі мен 9 мамыры аралығында өткізілетін болады. Қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, облыстың барлық оқу орындарында және қоғамдық ұйымдарында айлықтың салтанатты ашылу рәсімдері ұйымдастырылмақшы.
Өткізілгелі отырған айлықтың басты мақсаты өскелең ұрпаққа Ата Заңымызды, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын насихаттау, әскерге шақырылатын жастармен жұмысты жақсарту, оларды отансүйгіштікке баулу болып табылады.
Айлық барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне де дәйекті көңіл бөлінбекші. Сондай-ақ, бейбіт заманда әртүрлі әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер де басты назарымызда ұсталатын болады. Осы орайда, тиісті ұжымдар мен ұйымдардың басшыларынан өздеріне бекітілген осындай адамдарға материалдық және моральдық қолдау білдіріп, құрмет көрсетуді өтінер едік.
Айлықтың 1 мамырдан 9 мамырға, яғни, Жеңіс күніне дейінгі аралығы «Еске алу вахтасы» деп аталады. Бұл кезеңде тиісті ұйымдар облыста соғыста алған жарақатынан қайтыс болған майдангерлердің бейіттерін тәртіпке келтіру, Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын алған жерлестеріміздің құлпытастары мен ескерткіш мүсіндерінің басында қаралы шаралар өткізуді де естен шығармағандары жөн. Сол сияқты айлық барысында көптеген спорт түрлері бойынша жастарды шыңдай түсетін жарыстар да өткізу жоспарда бар.
Бір сөзбен айтқанда, осындай игі мақсатты көздеген дәстүрлі айлыққа әр мекеме, кәсіпорын басшысының өзінің лайықты үлесін қосуы мерейлі міндет болып табылады. Сондықтан, сіздердің баршаларыңызды таяу күндері басталғалы отырған айлыққа белсене қатысып, Елбасы белгілеген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында келелі істерге ұйытқы болуға шақырамыз.

Николай ИВАНОВ,
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, отставкадағы полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар