Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ырыс ынтымағы бар елге асығады - АРҚА АЖАРЫ

Ырыс ынтымағы бар елге асығады

Кеше облыс əкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Мəлік Мырзалин Көкшетаудағы Достық үйінде этномəдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесіп, сəуірдің 28-і күні Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бес əлеуметтік бастама – қоғамның əлеуметтік бірлігінің тұғыры» атты кезекті
26-ыншы сессиясында қаралатын мəселелерді алдын ала пысықтады. Сонымен қатар, жоба аясында облысымызда атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бағыты аясында 22 мыңнан астам ақмолалық қолжетімді баспанаға үміттене алады. Бұдан бөлек, облысымызда басқа да бағдарламалар бойынша тұрғын үйлер бой көтеретінін өңір басшысы Мәлік Мырзалин өз сөзінде атап өтті. Мәселен, үстіміздегі жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 16 жалға және 12 несиеге берілетін тұрғын үй салынады. Бұл өткен жылғыдан 2,5 есеге жоғары.
–Екінші бастама – «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» мақсатында да бірталай жұмыстар атқарылуда. Елбасымыз салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 пайыз ғана салық салуды ұсынған болатын. Бұл ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға қатысты. Біздің облыста шамамен 250 мың адам осындай жалақымен күн көреді, – дей келе, облыс әкімі алдағы уақытта табыс салығын азайтудан түсетін 353 миллион теңге көлеміндегі қаражат сол азаматтардың жалақыларын өсіруге бағытталатынын айтты. Сонымен қатар, 2022 жылға дейін облыс аумағында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 2870 орынға лайықталған 11 жатақхана салу жоспарланған.
Одан кейін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту бағытында жергілікті ассамблеямен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс аумағында 53 этномәдени бірлестік бар. Оның 15-і Көкшетаудағы Достық үйі ғимаратында орналасқан. Кездесу кезінде әсіресе, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Аналар» кеңесінің жұмысы жақсы жағынан атап өтілді. Бүгінде өңірімізде олардың саны – 88.
Үстіміздегі жылы Алғыс айту күніне орай 15 этномәдени бірлестікке Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының арнайы гранттары берілген екен. Осы орайда, бірлестік жетекшілері мен жастардың атынан сөз алған Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Ислам Байрамов Мәлік Мырзалинге зор көмек-қолдауы үшін шынайы ризашылықтары мен қоғамдық келісімді нығайту, жастармен жұмыс жүргізу жөнінде бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді. Мәселен, Достық үйі жанында мерекелік іс-шараларды өткізу үшін алаң салу, «Сабантой» мейрамын республикалық деңгейде өткізу, өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғысы ретінде символикалық ескерткіш орнату туралы біраз мәселелер ортаға салынды. Мәлік Мырзалин маңызды жобаларды қолдауға қашанда әзір екендігін айтып, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен ассамблея мүшелеріне бірлікті сақтау жолында сіңіріп жатқан еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар