Кеше Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Астана қаласында Қазақстан Респуб-ликасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Халықпен бірге: өңірлік деңгейде көшбасшылық» тақырыбында лекция оқыды.
Әкім жергілікті деңгейдегі барлық әкімдердің халықпен тығыз байланыс жасай отырып, Елбасының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі нақтылы мысалдарға жүгініп, өз тәжірибесімен және өз ойымен бөлісті.
Суретте: облыс әкімі Мәлік Мырзалин және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры
Фатима Жақыпова.