Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медицина мамандары өз университетімізде даярланады - АРҚА АЖАРЫ

Медицина мамандары өз университетімізде даярланады

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Жалпы медицина» факультеті ашылатын болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің дерегі бойынша, жуырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде аталмыш білім ордасына медициналық кадрларды даярлау үшін рұқсат лицензиясы берілді. Бұл облыс үшін үлкен жетістік.
Соңғы бірнеше жылдар бойы облыста дəрігер мамандардың тапшылығы сезіліп келеді. Университетте медицина бакалавры академиялық дəрежесін алу үшін 5 жыл білім алу қарастырылған. Оқуын тəмамдайтын студенттерге дəрігер біліктілігі негізгі мамандықтар бойынша 5 жыл, оған қоса тағы 2 жыл интернатурада оқыған кезде ғана беріледі. Интернатурадан өтпеген түлек клиникалық тəжірибеге жіберілмейді. Негізгі мамандық бойынша оқыған жəне интернатурадан өткен түлектер ғана дəрігер болып жұмыс істей алады. ЖОО-да терапевт, хирург, педиатр, акушер мамандықтары бойынша жалпы тəжірибедегі дəрігерлер даярланады. Оқыту процесі
3 тілде жүргізіледі. Бұл туралы өткен жылы Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушылық құрамы және студенттерімен кездескен аймақ басшысы Мəлік Мырзалин өңірді медициналық кадрлармен қамтамасыз етуде аталмыш білім ордасында медициналық факультет ашу туралы бастама көтерген болатын. Енді сол бастама жүзеге асырыла бастады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар