9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай, Көкшетау қаласында тұратын соғыс ардагерлерінің әрбіреуіне 250 мың теңгеден жәрдемақы бөлінді.
Ағымдағы жылы ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі өсіп отыр. Осыған орай, облыс орталығында тұратын 24 майдангердің әрбіреуіне 250 мың теңге көлемінде жәрдемақы бөлініп отыр. Сонымен қатар, Ленинград қоршауында болғандар, концлагерь тұтқындары, майданда қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары да ескерусіз қалмайды. Оларға бір реттік берілетін жәрдемақының жалпы көлемі 93 мың теңгені құрап отыр. Көкшетау қаласында тұратын 1 814 тыл еңбеккерінің ішіндегі марапатталған 97-нің есепшотына 20 мың теңгеден, ал, қалғандарына 10 мың теңгеден ақша аударылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі.