1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесіне орай ЕЦ-166/25 түзету мекемесінде мәдени-бұқаралық іс-шара болып өтті.
Түзету мекемемізде құрылған Бірлік мерекесін атап өту жоспарына сәйкес, сотталғандар арасында үстелде ойнатылатын спорттық ойындар – дойбы, шахмат және теннистен жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл күні жазасын өтеушілер концерттік бағдарламаны тамашалап, өздері секілді сотталғандардың орындауындағы достық, бейбітшілік жайлы әсем әндерге құлақ түрді. Сахналық, әзіл-қалжыңға толы қойылымдар, «Қазақстан халқының Бірлігі күні» атты тақырыптағы қабырға газеттері де мерекелік бағдарламаның ажарын аша түсті.
Аталған іс-шараларға кешкі мектептердің ұстаздары қатысып, шәкірттерімен бірге көңілділер мен тапқырлар ойынын өткізіп, қойылымдар қойды. ЕЦ-166/25 түзету мекемесі басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Сұлтан Құсайынов шараға қатысушыларға белсенділіктері үшін шынайы ризашылығын білдіріп, жазасын өтеушілерге бостандыққа шығып, ел қатарлы өмір сүрулеріне тілектес екендігін жеткізді. Жарыс жеңімпаздарына құрмет грамоталарын табыс етті.
Осы орайда, сотталғандардың аталмыш іс-шараны өткізуге жауапкершілікпен қарағанын және одан зор рухани азық алғанын айта кеткіміз келеді.
Ирина КОРОЛЮК,
жасақ басшысы,
әділет майоры.