Кеше облыс əкімі Мəлік Мырзалин Қазақстан халқының бірлігі күні және Астананың 20 жылдығының құрметіне Щучинск-Бурабай курортты аймағында «ВелоБурабай-2018» веломаусымының салтанатты ашылу рəсіміне қатысып, жинал-ғандарды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, спортшыларға табыс тіледі.
Велошеруге «Көкше» велоқауымдастығының мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, Астана, Көкшетау қалалары мен Бурабай ауданынан 300-ге жуық велоспорт жанкүйерлері қатысты. Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс əкімі Мəлік Мырзалин мұндай шаралар курортты аймақта жаз бойы жалғасатынын атап өтті.
– «Бурабай Land» ойын-сауық паркін қайта жаңарту жұмыстары жақында аяқталады. Бұдан бөлек, курортты аймақта басқа да жаңа ғимараттар бой көтеруде. Мұның барлығы да демалушыларға қолайлы жағдай туғызу үшін жасалып отыр, – деді облыс басшысы.
Облыс əкімі бастаған велошерушілер аталған демалыс орнының алаңынан Ақылбай асуына дейін қос дөңгелекті тұлпармен жүріп өтті. Шараға қатысушы 61 жастағы Қайыргелді Ырыспайтегін əңгімеге тартқан едік. Щучинск қаласында тұратын ол велосипедті тек жарыстарда ғана емес, күнделікті өмірде де пайдаланады екен. Көліктің бұл түрінің денсаулыққа пайдасы зор дейді.
Сондай-ақ, велошеру аясында жиналған жұрт жергілікті көркемөнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарламаларды тамашалап, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырған «Сенің денсаулығың – сенің қолыңда», «Белсенді қимыл – денсаулық кепілі» атты акцияларға қатысты.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.