Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан майданға 1 миллион 800 мыңнан астам жауынгер аттандырды. Солардың жартысы қайтып оралмады. Олар соғыста ерен ерлік көрсетті. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан майданға 1 миллион 800 мыңнан астам жауынгер аттандырды. Солардың жартысы қайтып оралмады. Олар соғыста ерен ерлік көрсетті.

Батыры атанды. Тыл еңбеккерлері майданды қарумен, азық-түлікпен және керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін күндіз-түні тынымсыз жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалына гүл шоғын қою рәсімінде осылай деді. Елбасы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, ардагерлерге шынайы алғысын айтты.

Елбасы Құрметті қарауылдың сап түзеуімен Даңқ мемориалындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың рухына тағзым етті. Ардагерлер мен рәсімге қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде қазақстандықтардың фашистік басқыншыларды жеңуге зор үлес қосқанын ерекше атап өтті. Сұрапыл соғысты көрмеген қазіргі ұрпақтың бақытты екенін айтты.
– Біздің аталарымыз революция мен репрессияны, ал әкелеріміз Ұлы Отан соғысын бастан өткерді. Тек біздің ұрпақ қана бейбіт заманда өмір сүруде. Бұған ардагерлеріміздің қосқан үлесі зор. Сіздерге алғысымыз шексіз! – деді Мемлекет басшысы.
Рәсім соңында Елбасы соғыс және еңбек ардагерлерімен бейресми түрде әңгімелесті.
– Сіздер жанымызда болсаңыздар, біздер – балаларыңыз бен немерелеріңіз өзімізді алаңсыз сезінеміз. Ерліктеріңізді үлгі-өнеге тұтып, сіздерден қайсарлықты, Отанымыздың патриоты болуды, Атамекенді сүюді, сондай-ақ Отанымыз үшін қасық қанымыз қалғанша күресіп, сүйікті Қазақстанымыз үшін жанымызды құрбан етуді үйренеміз. Қымбатты достар, баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, табыс және бар жақсылықты тілеймін! – деді Қазақстан Президенті.
Майдангерлер Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше ілтипаты мен қамқорлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар