Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақпарат кеңістігінде бәсекеге қабілеттілердің ғана бағы жанады - АРҚА АЖАРЫ

Ақпарат кеңістігінде бәсекеге қабілеттілердің ғана бағы жанады

Кеше Қазақстан Республикасының Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың аталған министрліктің өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде халыққа есеп беру кездесуі болып өтті. Жиынға онлайн конференция арқылы облыстардан өкілдер қатысты.

Биыл Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылғанына екі жыл. Осы уақыт аралығында бұқаралық ақпарат құралдары, коммуникация мен мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамытуда айтарлықтай жұмыс атқарылған. Министр Дәурен Абаев баяндамасында алдымен өткен жылы ақпарат саласы бойынша атқарылған жұмысқа тоқталып өтті.
– Мемлекеттік ақпараттың сапасын арттыру үшін бірнеше нормативтік бастамалар қабылданды. Мәселен, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс заң бойынша мемлекеттік сатып алудан алынып тасталды. Алайда, оның орнына арнайы қағида қабылданды. Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында отандық көркем және деректі фильмдерді көрсететін «Ел арна» киноканалын аштық. 2017 жылы мемлекеттік-ақпараттық тапсырыс аясында 40 сериал түсірілді. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен екі есеге жоғары, – деп, атап өтті министр.
Сонымен қатар, барлық қазақстандық телеарналарды онлайн режимінде көруге мүмкіндік беретін «Ғалам TV» жобасы жаңартылды. Биылдан бастап аймақтардағы аналогтық хабар тарату кезең-кезеңмен тоқтатыла бастайды. 2018 жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары толық цифрлық телерадио хабарын таратуға көшірілмекші.
Министр өз сөзінде Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға, шалғай ауылдарды қолжетімді интернетпен қамту, электронды еңбек биржасы мәселелеріне де тоқталып, жыл соңына дейін еліміздің барлық азаматтары ұялы телефондарын тіркету қажеттігін айтты. Есеп беру кездесуінің екінші бөлігі сұрақ-жауапқа ұласып, министр Дәурен Абаев келіп түскен барлық сұрақтарды назарда ұстайтындығын жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар