Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зеренді туризмі жаңа талапқа сай болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Зеренді туризмі жаңа талапқа сай болуы керек

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өткен жексенбі күні жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып, курортты аймақтың жазғы туристік маусымға дайындығына назар аударды және аймақтағы туризмді дамытудың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін талқылаған жиын өткізді.

Облыс басшысы курортты өңірде туристік нысандардың құрылысы және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Биылғы жылы курортты өңірде қонақ үй нарығында үш жаңа туристік нысанды қолданысқа беру жоспарланып отыр. Соның бірі екі қабатты бес жазғы үйшіктен тұратын «Зеренді Парк» қонақ үй кешенінде демалушылар үшін спорт және балалар алаңы, демалатын орындар қарастырылған. Оған қоса, алдағы уақытта 5 гектар аумаққа саябақ, квадро және картодром салу да жоспарда бар
Сонымен қатар, Зеренді көлінің жағасында жаңадан салынған «Тамилла» демалыс базасы пайдалануға берілмекші. Ағаштан қиып салынған 2 қабатты
3 корпустан тұратын нысанда 26 нөмір, асхана және демалушыларға арналған отыратын жайлы орындар қарастырылған. Ал, «Зерен» кешеніндегі коттедж қалашығын кеңейтіп, ауқымды шараларды өткізу үшін жазғы алаңның құрылысын салу жоспарланып отыр. Зерендінің географиялық ерекшелігі мен табиғи ландшафтының сан алуандығы туризмнің бірнеше түрін дамытуға қолайлы. Қазіргі кезде мұнда жазғы және қысқы туризм қарқынды дамып келеді. Туристер мен демалушыларға 40-қа жуық туристік нысандар қызмет көрсетіледі.
Өткен жылы туристік нысандарда 100 мыңға жуық демалушыға қызмет көрсетілген екен. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға жоғары. 2017 жылы бұл сала 462,2 миллион теңге пайда түсірді. Бұл өңірдегі туризмді дамытуға жаңадан салынып жатқан «Щучинск-Зеренді» автожолы тың серпін беретіні сөзсіз. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді. Жаңа автокөлік жолының іске қосылуы ауданға келетін туристердің ағынын арттырады деген үміт бар.
Сапар соңында облыс басшысы туристік бизнес өкілдерімен Зеренді демалыс аймағын дамыту мәселелерін талқылаған жиын өткізді. Онда инфрақұрылымды дамыту, қызмет аясын кеңейту, аттракциондары бар саябақ пен спорттың техникалық түрлері кешенін және жыл бойы қызмет көрсететін «Ыстық бұлақ» ашық аспан астындағы бассейнін салу, жұмыс істеп тұрған туристік нысандарда емдеу шараларын өткізуге жағдай жасау, демалушылардың қауіпсіздігі мен туристік нысандарға санат беруді және қыс айларында қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жайы сөз болды.
Аймақ басшысы өңірдің сұлу әрі бай табиғаты туралы айта келе, бұның өзі туризмді дамытуға үлкен ықпалын тигізетініне назар аударды. Зерендіде қазірдің өзінде ішкі және халықаралық туризмді дамытуға қажетті әлеуеттік мүмкіндіктер жеткілікті.
– Ақмола облысында туристерді Бурабайдан басқа әсем табиғаты және бай тарихымен танымал Зеренді өңірі де қызықтырады. Сол себепті, зеренділіктердің алдында тұрған басты міндет, ол туристік қызмет сапасын арттыру, – деді Мәлік Мырзалин жиында сөйлеген сөзінде. Аудан басшылығына қолға алынған жұмыстарды ширатып, жақын күнде аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар