Жол бойындағы сервистік қызмет жақсара түсуде

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин «Астана-Щучинск» автокөлік жолы бойындағы Қаратал ауылының іргесінде орналасқан жолаушыларға қызмет көрсететін павильонда болып, оның жұмысымен танысты және жол бойына өзге жеті павильонды маусымның ортасына дейін пайдалануға беруді тапсырды.

Бұл модульдік павильонды Алматы облысының Байсерке елді мекенінде орналасқан «КазТехПром сервис» серіктестігі екі айда жасап шығарған. Нысандағы құрылыс материалдарының 80 пайызы Қазақстанда жасалыпты. Бір павильонның құны 23 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын директоры Алмаз Қанат өз сөзінде аумағы 43 шаршы метрді алып жатқан павильонды «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тапсырысы бо-
йынша жасағандарын, Ақмола облысының автокөлік жолы бойына сегіз павильон қойылатынын айтып өтті. Екі бөліктен тұратын павильон іші бір және жарты киловаттық бірнеше инфрақызыл жылытқышымен тез арада жылытылады. Қыс айларында сағатына 18 килоВатт энергия жұмсалады. Терезеге үш қабатты күйдірілген әйнек салынған. Бұл
қыс айларында павильон ішіне суық, жазда күннің ыстығын жібермейді.
Сондай-ақ, мұндағы швед үстелдеріне отырып, шай немесе кофе ішуге болады. Ол үшін кофе мен шай қайнатқыш қондырғысы, микро толқынды пеш, екі камералы тоңазытқыш, су жылытқыш орнатылып, ыдыс жуатын жер қарастырылған. Электр қуаты берілмегенде резервтік 5 килоВаттық дизель генераторы пайдаланылады. Мүгедектер үшін кіре берісте пандус пен дабылқаққыш орнатылған. Шайханаға кірген адамдарды арнайы аспап есепке алады. Сондай-ақ, бейнекамералар орнатылған. Мұнда көп жолаушылардың келетіні ескеріліп, есіктердің бәрі металдан жасалған. Кореядан әкелінген суық өткізбейтін қабырғалардың қалыңдығы 150 миллиметрді құрайды. Суық пен жылуды өткізбейтін материалдан жасалған.
Павильон интернет жүйесіне қосылған. Нысан ішінде өрт қауіпсіздігі де қарастырылған. Ас мәзірі сыртқы қабырғадағы жарықтандырылған стендке ілінеді. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бөлім басшысы Ерлан Ырысбеков өз сөзінде бүгінгі таңда ақылы жол бойындағы қызмет көрсететін жанар-жағармай құю станциялары, дәмхана, павильон тәрізді қырықтан астам сервистік нысан жөнге келтірілетінін айтып берді. Облыс әкімі аталмыш акционерлік қоғамның басшыларына жол бойындағы жанар-жағармай құятын нысандарды тәртіпке келтіруді тапсырды.

Рамазан Тілеуов.

Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар