Құрметті ақмолалықтар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран – бұл ұлтымыздың ортақ игілігі, еліміздің тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне деген үлкен құрмет пен шынайы сүйіспеншілік. Рәміздеріміздің маңызы мен рөлін айқындай отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген еді: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Мемлекеттік рәміздерді қабылдағаннан бергі өткен уақыттағы қазақстандықтардың жеңістері мен қол жеткен жетістіктерінің бәрі онымен тығыз байланысты. Біз өз еліміздің жетістіктерін зор мақтанышпен атап өтіп, әлемге тәуелсіз Қазақстанның қайталанбас бейнесін паш етеміз. Біздің отандастарымыз халықаралық спорт жарыстары мен олимпиадаларда, әлемдік интеллектуалдық және шығармашылық жарыстарда еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, биік шыңдар мен ғарышты бағындырды.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – бұл шынайы отансүйгіштік пен биік азаматтық ұстанымның көрінісі. Бұл рәміз ғана емес, бұл туған жердің ашық аспаны мен шуағын төккен күні, бұл туған үйдің шаңырағы. Осы бір мерекелі күні бәріңізге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт тілей отырып, ортақ Отанымыз үшін жемісті еңбек ете беріңіздер деймін.