Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолда Тұңғыш Президент саябағы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолда Тұңғыш Президент саябағы ашылды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Ақмол ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне, Астана қаласының 20 жылдығы және Целиноград ауданының 90 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» мәдени демалыс саябағының ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Облыс әкімі бастаған мерекенің құрметті меймандарын әртүрлі ұлттың киімін киген Қазақстан халқы Ассамблеясының жас өкілдері қарсы алды. Делегация интерактивтік алаңдарды көру үшін саябақ аумағына келіп, сол жақта орналасқан спорт алаңында күресті, бокс пен асық атуды және каратешілер, кір көтерушілер мен жонглерлердің өнерін тамашалады. Жастар әскери дайындық алаңында әскери қаруды тез арада бөлшектеп, жинап жатты. Сондай-ақ, мұнда әскери әдістер мен әскерилердің сап түзеп өтуі көрсетілді. Меймандар саябақтың оң жағында орналасқан жастар алаңында флешмоб, мольберт, роликтер мен скейттерге назар аударды. Балалар алаңында суретшілер конкурсына қатысты. Сондай-ақ, скакалка ойыны мен велосипедшілер өнерін тамашалады.
Өңір басшысы бастаған делегация флагшток алаңында өтетін «Рухани жаңғыру» мәдени демалыс саябағының ашылу салтанатына келді. Ту, Елтаңба мен Әнұранды 44813 әскери бөлімінің сардарлары алып шықты. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын көтерудің құрметті құқы аталмыш бөлімнің әскери дайындығының озаты капитан Серік Шегебаевқа берілді. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, ту көтерілді.
Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне және Елорданың 20 жылдығына арнап «Рухани жаңғыру» саябағы ашылып отырғанын айтып өтті.
–Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Енді мемлекеттің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны тәрізді басты қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз қажет. Әрбір азамат бұл белгілерді қасиетті тұмардай сақтау керек деп атап өтті. Біз үшін мемлекеттік рәміздер ұлттық тұтастықтың кепілі. Ел іргесі берік, заманымыз тыныш болып, еліміз дами берсін. Ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған жаңа саябақ тұрғындарға тамаша тарту. Мәңгілік елдің туы биіктен көрінсін! –деді өңір басшысы өз сөзінде.
Жиналған жұрт «Empire» ерлердің вокальдық квартеті орындаған «Самға, Қазақстан!» вокальдық-хореографикалық композициясын және қыздардың «Рухани жаңғыру» хореографикалық көрінісін тамашалады. Жасөспірімдер Мемлекеттік және Целиноград ауданының логотипі белгіленген туларын алып шықты. Әртүрлі ұлттың киімдерін киген Қазақстан халқы Ассамблеясының қыздары алаңды құлпыртып жіберді. «Қазақстан» логотипі бейнеленген футболка мен бейсболка киген балалар аспанға ақ көгершіндерді ұшырды. Композицияны «Тәуелсіздік» құсы киімін киген қыздар аяқтады. Бұдан соң Бекәділ Мектепбергенов орындаған «Атамекен» әнін жиналған жұрт түрегеп тұрып, бірге қосылып шырқады.
–Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні Ақмол ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағының ашылғанына қуанып тұрмын. Қазақстандықтар үшін Отанды сүю, өз атамекенін және оның тарихын мақтаныш ету –қалыптасқан басты қасиеттердің бірі. Бірлік, бейбітшілік пен келісім бізді біріктіре түседі. Біз өз еліміздің патриоты болуға тиіспіз,–деді аудан тұрғыны Өмірбек Есенбеков бізбен әңгімесінде. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Рамазан Тілеуов
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар