Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көк тудың желбірегені!.. - АРҚА АЖАРЫ

Көк тудың желбірегені!..

Көкшетау қаласының Бұқпа тауы басындағы қаланы қарау алаңында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 26 жылдығына арналған акция болып өтті. Көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтаған бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева қатысты.

Мемлекеттік рәміздер ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіз еліміздің ең негізгі нышаны. Олар біздің туған жеріміздің қасиетті тұтастығын білдіреді. Акцияда құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова:
– Құрметті акцияға қатысушы жастар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етеді. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың абыройын асқақтатып, рухын, салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізеді, – деп атап өтті.
Акция барысында мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүрген жастарымыз Ақмола облысы әкімінің және облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың ішінде жастар мен студенттер еңбек жасақтарының облыстық штабының атқарушы директоры Жания Мұқашева да бар. Ол экология және табиғатты пайдалану бойынша халықаралық конференциялардың қатысушысы, ғылыми-зерттеу мақалаларының авторы. ЭКСПО көрмесінің волонтері, «Жаңа толқын» жастар бірлестігінің төрайымы Жайнагүл Ғаббасова және тағы басқаларын да мақтанышпен атауға болады.
Сондай-ақ, шара барысында бір топ жастар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды.
Патриоттық акцияда облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімоваға студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбазы Егізбай Нұрасыл 2017 жылы «Жасыл ел» жалпы ұлттық бастамасының аясында атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Мәселен, былтыр облыстың 55 ұйымында 983 сарбаз жұмысқа орналастырылған. Биылғы жылы да жастар еңбек жасақтарының сарбаздары жаңа маусымға сақадай-сай.
Аталған шара одан әрі дәстүрлі автошерумен жалғасын тапты. Шеруде 10 автокөлік Көкшетау қаласының көшелері бойымен мемлекеттік туды алып жүрді.
Осылайша мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға бағытталған «Жасыл ел» еңбек ұжымдарының өкілдері, «Серпін» бағдарламасы мен облыстық жастар ұйымдарының қатысушылары атсалысқан шара «Жастар жаңғыруы» экологиялық жастар акциясымен өз мәресіне жетті. Мұндай бірқатар іс-шаралар сол күні аудандарда да жалғасын тапты.

Асылай Қадырқызы.

Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар